https://sputnik.kz/20220930/elordalyq-darigerler-salmagy-600-gramm-bolyp-tugan-naresteni-qutqaryp-qaldy-28066562.html
Елордалық дәрігерлер салмағы 600 грамм болып туған нәрестені құтқарып қалды
Елордалық дәрігерлер салмағы 600 грамм болып туған нәрестені құтқарып қалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Астанадағы №3 көпсалалы қалалық ауруханада 23 аптада дүниеге келген қыз бала үйіне шығарылды. 30.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-30T10:22+0500
2022-09-30T10:22+0500
2022-09-30T10:22+0500
нәресте
https://sputnik.kz/img/1223/75/12237592_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_2fdaf85f6ee58feb75b1c627a51aae82.jpg
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Астанадағы №3 көпсалалы қалалық ауруханада 23 аптада дүниеге келген қыз бала үйіне шығарылды.Зеренің өмірге келген кездегі салмағы 600 гр, бойының ұзындығы бір парақ қағазбен бірдей – 32 см болатын, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Қыздың анасы босанғаннан кейін ауруханада барлығы 124 күн болғанын айтты. Оның ішінде 88 күн - реанимацияда, қалған күндер-жаңа туған нәрестелерді күту бөлімінде өтті.Оның айтуынша, 4 айдың ішінде дәрігерлер мен медбикелер нәрестеге үйреніп қалған, оны жақсы көреді."Осы уақыт аралығында қызым өсіп, сүйектері қатайды. Перзентханадан шыққан кезде оның салмағы 2970 грамм болды", - дейді жас ана."Бала өте аз дене салмағымен туғандықтан, оның жағдайы, тыныс алуы ауыр болды. Анасының махаббатының, білікті мамандардың, неанотологтардың ерекше қамқорлығының арқасында баланың денсаулығына қауіп жоқ", - деді Балалар реанимациясы және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі Ирина Александровна.Жыл сайын №3 көпсалалы қалалық ауруханада салмағы 1500 граммға жетпейтін 80-ге жуық сәби дүниеге келеді. Осыжылдың тоғыз айында осы салмақта 50 бала перзентханадан шықты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1223/75/12237592_82:0:1910:1371_1920x0_80_0_0_aaff0e8db97860ce2038046a1e1c0dd3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
нәресте
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Астанадағы №3 көпсалалы қалалық ауруханада 23 аптада дүниеге келген қыз бала үйіне шығарылды.
Зеренің өмірге келген кездегі салмағы 600 гр, бойының ұзындығы бір парақ қағазбен бірдей – 32 см болатын, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қыздың анасы босанғаннан кейін ауруханада барлығы 124 күн болғанын айтты. Оның ішінде 88 күн - реанимацияда, қалған күндер-жаңа туған нәрестелерді күту бөлімінде өтті.
"Қызыма аяғым ауыр екенін білгенде, біз үшін бұл үлкен қуаныш болды. Жүктілік асқынусыз жақсы өтті. Бірақ 23-ші аптада су кетіп, мерзімінен бұрын босануға тура келді. Біздің Зереміз 600 грамм салмақпен дүниеге келді. Жақсы мамандардың, тәжірибелі дәрігерлердің арқасында қызым тірі қалды", - деп еске алады әйел.
Оның айтуынша, 4 айдың ішінде дәрігерлер мен медбикелер нәрестеге үйреніп қалған, оны жақсы көреді.
"Осы уақыт аралығында қызым өсіп, сүйектері қатайды. Перзентханадан шыққан кезде оның салмағы 2970 грамм болды", - дейді жас ана.
"Бала өте аз дене салмағымен туғандықтан, оның жағдайы, тыныс алуы ауыр болды. Анасының махаббатының, білікті мамандардың, неанотологтардың ерекше қамқорлығының арқасында баланың денсаулығына қауіп жоқ", - деді Балалар реанимациясы және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі Ирина Александровна.
Жыл сайын №3 көпсалалы қалалық ауруханада салмағы 1500 граммға жетпейтін 80-ге жуық сәби дүниеге келеді. Осыжылдың тоғыз айында осы салмақта 50 бала перзентханадан шықты.