https://sputnik.kz/20220930/auyl-partiyasy-prezident-saylauyna-oz-kandidatyn-usyndy-28081781.html
"Ауыл" партиясы президент сайлауына өз кандидатын ұсынды
"Ауыл" партиясы президент сайлауына өз кандидатын ұсынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Астанада "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы кезектен тыс XХ съезін өткізді. 30.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-30T14:00+0500
2022-09-30T14:00+0500
2022-10-27T10:07+0500
президент сайлауы
президент сайлауы - 2022
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1e/28080374_1:0:1920:1079_1920x0_80_0_0_6e7cab11f3a78a021198a083f691efc7.jpg
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Астанада "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы кезектен тыс XХ съезін өткізді.Съезде партия Қазақстан президенті лауазымына Жигули Дайрабаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 67 жастағы Жигули Молдахалықұлы Жамбыл облысының Жалпақсаз ауылында дүниеге келген.Әскерден кейін бір жылдай қойшының көмекшісі, одан кейін колхозда жүргізуші болып жұмыс істеген.Артынан партиялық қызметпен айналысты. Луговской ауданында "Коммунизмге жол" колхозында комсомол комитетінің хатшысы, инструктор, кәсіподақ төрағасы болды. Ал 1980 жылы Каменский ауылында атқарушы комитеттің төрағасы болып тағайындалды. Бес жылдан кейін қой өсіретін "Алғабас" совхозына партия комитетінің хатшысы болып барды.1987 жылы Жамбыл атындағы колхозды басқаруға кірісті. Ал 1995 жылы Қорағаты совхозының директоры болып тағайындалды. Екі жылдан кейін Тұрар Рысқұлов ауданының статистика басқармасының басшысы болып ауысты.2000 жылдан кейін бизнеспен айналысты, нан қабылдау орындарын басқарды. "MOLBAL" ЖШС бас директоры болды. Қазақстан фермерлері одағының облыстық филиалына жетекшілік етті. Ал 2019 жылдан бастап ұйым басшысы қызметіне сайланды. Биыл маусым айында "Атамекен" ҰКП агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1e/28080374_241:0:1680:1079_1920x0_80_0_0_6b2c1e646766ab7744ff712972008200.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент сайлауы
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Астанада "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы кезектен тыс XХ съезін өткізді.
Съезде партия Қазақстан президенті лауазымына Жигули Дайрабаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
67 жастағы Жигули Молдахалықұлы Жамбыл облысының Жалпақсаз ауылында дүниеге келген.
Әскерден кейін бір жылдай қойшының көмекшісі, одан кейін колхозда жүргізуші болып жұмыс істеген.
Артынан партиялық қызметпен айналысты. Луговской ауданында "Коммунизмге жол" колхозында комсомол комитетінің хатшысы, инструктор, кәсіподақ төрағасы болды. Ал 1980 жылы Каменский ауылында атқарушы комитеттің төрағасы болып тағайындалды. Бес жылдан кейін қой өсіретін "Алғабас" совхозына партия комитетінің хатшысы болып барды.
1987 жылы Жамбыл атындағы колхозды басқаруға кірісті. Ал 1995 жылы Қорағаты совхозының директоры болып тағайындалды. Екі жылдан кейін Тұрар Рысқұлов ауданының статистика басқармасының басшысы болып ауысты.
2000 жылдан кейін бизнеспен айналысты, нан қабылдау орындарын басқарды. "MOLBAL" ЖШС бас директоры болды. Қазақстан фермерлері одағының облыстық филиалына жетекшілік етті. Ал 2019 жылдан бастап ұйым басшысы қызметіне сайланды. Биыл маусым айында "Атамекен" ҰКП агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы болып тағайындалды.