https://sputnik.kz/20220930/atyrauda-er-adam-kopirden-sekirip-olemin-dep-zhurnalistke-khabarlasqan-28092426.html
“Видеоға түсіріңіз”: Атырауда ер адам көпірден секіріп өлемін деп журналистке хабарласқан
“Видеоға түсіріңіз”: Атырауда ер адам көпірден секіріп өлемін деп журналистке хабарласқан
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Атырауда ер адам көпірден секіріп өлемін деп журналистке хабарласқан. 30.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-30T20:17+0500
2022-09-30T20:17+0500
2022-09-30T20:17+0500
атырау
https://sputnik.kz/img/07e6/06/14/25648779_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_5fc491116b441caa6fd1656090748cd9.jpg
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Атырауда ер адам көпірден секіріп өлемін деп журналистке хабарласқан.30 қыркүйек күні сағат 12:30 шамасында 31 жастағы қала тұрғыны жергілікті журналистке қоңырау шалып, “көпірден секіріп, өз-өзіме қол саламын, келіп бейнетаспаға түсіріңіз” деп айтқан."Бір адам маған қоңырау шалып, өзін-өзі өлтіру үшін көпірге қарай бара жатқанын және сол сәтті видеоға түсіргенімді қалайтынын айтты", – деді ол. Қоңырау тұтқасын қойған журналист бірден полицияға хабар берген. Атырау қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығының қызметкерлері аталған азаматты көпір үстінен байқап, бірден жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген. Полиция келгенге дейін бұл азамат көпірден өтіп бара жатқан автобустың астына түсуге тырысқан. Алайда автобус жүргізуші дер кезінде тоқтады. Қала тұрғыны сонда да автобустың астына кірмекші болды. Тәртіп сақшылары ер адамды автобустың астынан шығарып, патрульдік көлікке отырғызды. Ол Атырау қаласының полиция басқармасына жеткізілді.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/14/25648779_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_79804a7039354f79d99c04c79676bb8c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Атырауда ер адам көпірден секіріп өлемін деп журналистке хабарласқан.
30 қыркүйек күні сағат 12:30 шамасында 31 жастағы қала тұрғыны жергілікті журналистке қоңырау шалып, “көпірден секіріп, өз-өзіме қол саламын, келіп бейнетаспаға түсіріңіз” деп айтқан.
"Бір адам маған қоңырау шалып, өзін-өзі өлтіру үшін көпірге қарай бара жатқанын және сол сәтті видеоға түсіргенімді қалайтынын айтты", – деді ол.
Қоңырау тұтқасын қойған журналист бірден полицияға хабар берген. Атырау қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығының қызметкерлері аталған азаматты көпір үстінен байқап, бірден жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.
Полиция келгенге дейін бұл азамат көпірден өтіп бара жатқан автобустың астына түсуге тырысқан. Алайда автобус жүргізуші дер кезінде тоқтады. Қала тұрғыны сонда да автобустың астына кірмекші болды. Тәртіп сақшылары ер адамды автобустың астынан шығарып, патрульдік көлікке отырғызды. Ол Атырау қаласының полиция басқармасына жеткізілді.