Әнші Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды

© Sputnik / Владислав ВодневТөреғали Төреәлі
Төреғали Төреәлі - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысының полициясы әнші Төреғали Төреәлінің гидті ұрып-соққаны туралы интернетте жарияланған жазбадан кейін іс қозғады.
Оқиға 28 қыркүйекте "Көлсай көлдері" ұлттық саябағының аумағында болған, деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.
"Құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркелді. Қазақстан заңнамасына сәйкес барлық қажетті сараптама жүргізіліп, оқиғаның шынайы мән-жайы анықталады", - деп хабарлады полиция.
Қылмыстық істің тергелу барысы мен нәтижесі Алматы облысы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.
Бұған дейін әлеуметтік желіде жарияланған видеоның авторы әншінің гидті ұрып-соққанын айтқан болатын.
Жаңалықтар
0