Қоғам

Абай облысында қазба байлықтар көптеп табылады деп ойлаймын – Тоқаев

Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2022
Жазылу
Өңір аумағында ауқымды геологиялық зерттеу жүргізіледі
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының аумағынан қазба байлықтарды іздеуді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.
"Аймақтың жер қойнауы полигонның кесірінен жылдар бойы игерілген жоқ. Сол себепті, облыс аумағында ауқымды геологиялық зерттеу жұмысын жүргізу қажет. Қазба байлықтар көптеп табылады деп ойлаймын", - деді Тоқаев Абай облысының жұртшылығымен кездесуінде.
Президент тау-кен өнеркәсібін дамыту облыс экономикасын жандандыратынын, сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Бұдан бөлек ол бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару мәселесіне де тоқталды.
"Мен бұл жұмысты бүкіл ел аумағында жүргізуді тапсырдым. Абай облысында қазірдің өзінде осындай 200 мың гектар жер анықталды. Соның 62 мың гектары қайтарылды", - деп мәлімдеді Тоқаев.
Қайтарылған жерлерді жергілікті шаруаларға әділ үлестіріп, ел игілігіне тиімді пайдалану аса маңызды. Жалпы, бұл жұмыс одан әрі жалғасады, деді президент.
Айта кетері, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Абай облысына барды. Бұл оның Абай облысы құрылғалы бері өңірге жасаған алғашқы сапары.
Жаңалықтар
0