"Жомарт жүрек" сыйлығының иегерлерін анықтау үшін дауыс беру басталды

© Pixabay / Alexandr PodvalnyСердце
Сердце - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. "Жомарт жүрек" республикалық байқауына қатысушыларға онлайн дауыс беру басталды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен мәлім етті.
"Жомарт жүрек" – қайырымдылық саласындағы меценаттар мен филантроптар арасындағы жыл сайынғы республикалық байқау. Бұл сыйлық елдегі қайырымдылық мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосқан Қазақстан ұйымдары мен азаматтарын анықтауға, оларды көтермелеуге бағытталған.
Байқау 5 номинация бойынша өтеді:
- "Жыл тұлғасы";
- "Жыл меценаты";
- "Туған өлке";
- "Жылдың үздік ұйымы";
- "Жылдың үздік қамқоршысы".
Онлайн дауыс беру кезеңі jomartjurek.ruh.kz сайтында 28 қыркүйек пен 10 қазан аралығында өтеді.
Дауыс беру қорытындысы бойынша 50 лауреат (10 жеңімпаздан 5 номинация) "Жомарт жүрек" республикалық қайырымдылық сыйлығының лауреаты атағына ие болады.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Республика күнін мерекелеу қарсаңында өтеді.
Жаңалықтар
0