Қазнетке тағы да кибершабуыл жасалды

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Бүгін таңертең Қазнетке тағы да кең ауқымды кибершабуылдар жасалды, деп хабарлады Мемлекеттік техникалық қызметтің баспасөз қызметі.
"Бұл жағдай еліміздің барлық өңірінде интернеттің жұмысына әсер етуде. Қазіргі уақытта қауіп-қатерді бейтараптандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген ведомствоның таратқан хабарламасында.
Интернеттің қазақстандық сегментіне бірнеше күннен бері кибершабуыл жасалып жатқанын бұрын хабарлаған болатынбыз.
Мемлекеттік техникалық қызметтің мәліметінше, бұл кибершабуылдар еліміздің мемлекеттік органдарына да, Қазнеттің инфрақұрылымына да бағытталған.
Ведомство ұзаққа созылған кибершабуылдар елде және әлемде болып жатқан қоғамдық оқиғалармен байланысты деп болжады.
Пернетақта - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2022
Бірқатар қазақстандық БАҚ-қа шетелден DDOS шабуыл жасалды
Жаңалықтар
0