https://sputnik.kz/20220929/qazaqstan-reseyge-askeri-tekhnika-zhoneltip-zhatyr-ministrlik-tusinikteme-berdi-28047778.html
"Қазақстан Ресейге әскери техника жөнелтіп жатыр": министрлік түсініктеме берді
"Қазақстан Ресейге әскери техника жөнелтіп жатыр": министрлік түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Әлеуметтік желіде әскери техниканың қозғалысы түсірілген видео тарады. Видео авторының пайымдауынша, техника Қасым-Жомарт Тоқаев... 29.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-29T13:57+0500
2022-09-29T13:57+0500
2022-09-29T13:57+0500
қорғаныс министрлігі
әскери техника
ресей
https://sputnik.kz/img/07e6/04/05/23990182_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_c69f3400d93888c30ec7b21c4020cf1d.jpg
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Әлеуметтік желіде әскери техниканың қозғалысы түсірілген видео тарады. Видео авторының пайымдауынша, техника Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің келісімі бойынша Қазақстаннан Ресейге аттандырылған.Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп жазды stopfake.kz.Министрліктің хабарлауынша, қазіргі уақытта Қазақстанда ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығуларына арналған техниканы жөнелту жұмыстары жүріп жатыр. Оқу-жаттығулар туралы ақпарат қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланған. Шара 26 қыркүйектен 8 қазанға дейін Жамбыл және Алматы облыстарында өтеді. Оған ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің "Өзара іс-қимыл-2022", "Іздеу-2022", "Эшелон-2022" қатысады."Осыған байланысты елімізге Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді. Әскери техниканың қозғалысы теміржол, әуе көліктерімен және дөңгелекті техникамен жүзеге асырылады. Бұл тұрғыда азаматтарды әлеуметтік желілерде таралатын түрлі қауесеттерге ермеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", – делінген хабарламада.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/05/23990182_448:0:3179:2048_1920x0_80_0_0_7217919fb43b888e7757f87c0c0fdd92.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қорғаныс министрлігі, әскери техника, ресей
қорғаныс министрлігі, әскери техника, ресей
"Қазақстан Ресейге әскери техника жөнелтіп жатыр": министрлік түсініктеме берді
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Әлеуметтік желіде әскери техниканың қозғалысы түсірілген видео тарады. Видео авторының пайымдауынша, техника Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің келісімі бойынша Қазақстаннан Ресейге аттандырылған.
Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп жазды
stopfake.kz.Министрліктің хабарлауынша, қазіргі уақытта Қазақстанда ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығуларына арналған техниканы жөнелту жұмыстары жүріп жатыр.
Оқу-жаттығулар туралы ақпарат қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланған. Шара 26 қыркүйектен 8 қазанға дейін Жамбыл және Алматы облыстарында өтеді. Оған ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің "Өзара іс-қимыл-2022", "Іздеу-2022", "Эшелон-2022" қатысады.
"Осыған байланысты елімізге Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді. Әскери техниканың қозғалысы теміржол, әуе көліктерімен және дөңгелекті техникамен жүзеге асырылады. Бұл тұрғыда азаматтарды әлеуметтік желілерде таралатын түрлі қауесеттерге ермеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", – делінген
хабарламада.