https://sputnik.kz/20220929/qansha-qazaqstandyq-paterin-zandy-turde-zhalga-berip-otyr-28052588.html
Қанша қазақстандық пәтерін заңды түрде жалға беріп отыр
Қанша қазақстандық пәтерін заңды түрде жалға беріп отыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов пәтерді ресми түрде қалай жалға беру керек екенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik... 29.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-29T16:29+0500
2022-09-29T16:29+0500
2022-09-29T16:29+0500
пәтер
https://sputnik.kz/img/1349/28/13492815_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_65513037131bf646dc7bd38d33994218.jpg
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов пәтерді ресми түрде қалай жалға беру керек екенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Айтуынша, баспананы жалға берудің бірнеше жолы бар. Біріншісі – жеке кәсіпкер ретінде тіркелу.Екінші режим – бірыңғай жиынтық төлем арқылы."Бұл жерде жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ. Жалғыз талап – есептік ай басталғанға дейін бірыңғай жиынтық төлемді төлеу керек. Егер ол пәтерді облыс орталығында немесе ірі қалаларда жалға берсе – 1 АЕК, аудандық деңгейде болса, 0,5 АЕК төлейді. Бүгінде мұндай режимді қолданатындар саны 120 мың адамнан асады", - деді вице-министр.Біржанов баспананы жалға берудің тағы бір опциясы туралы айтты."Жеке тұлғалар, мейлі ол әскери қызметші, мемлекеттік қызметші болсын, табысы мүліктік табысқа теңестірілген кезде, ол бұл табысты жыл аяқталған соң көрсетіп, аренда сомасының 10%-ін төлей алады. Мәселен, ол бір жыл бойы пәтерін 2 млн теңгеге жалға берсе, онда декларацияда осы соманы көрсетіп, 200 мың теңге төлейді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша мұндай адамдар саны 2 мыңға жуықтайды", - деді ол.Вице-министр қазір елге шетелдіктердің келуіне байланысты ішкі істер министрлігімен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті."ІІМ Қазақстанға келгендер бойынша бүкіл мәліметті алады: кім келді, қандай пәтерге, бұл пәтердің иесі кім, аренда сомасы қанша. Біз бұл деректерді өңірлік деңгейде аламыз, сосын облыстардағы мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырамыз. Олар ақпаратты пысықтап, одан әрі камералдық бақылау аясында азаматтарға "табыс алғаны немесе алып жатқаны, оны декларациялап, салық төлеуге тиіс екенін" көрсетіп хабарлама жібереді", - деп түсіндірді шенеунік.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1349/28/13492815_190:0:1630:1080_1920x0_80_0_0_9846f519e05c1cbe0c61446d132d9feb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пәтер
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов пәтерді ресми түрде қалай жалға беру керек екенін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, баспананы жалға берудің бірнеше жолы бар. Біріншісі – жеке кәсіпкер ретінде тіркелу.
"Бүгінде мұндай жеке кәсіпкерлердің саны елімізде 84 мыңнан асады. Олар жеңілдетілген декларация мен патент арқылы жалға беріп отыр", - деді Біржанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Екінші режим – бірыңғай жиынтық төлем арқылы.
"Бұл жерде жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ. Жалғыз талап – есептік ай басталғанға дейін бірыңғай жиынтық төлемді төлеу керек. Егер ол пәтерді облыс орталығында немесе ірі қалаларда жалға берсе – 1 АЕК, аудандық деңгейде болса, 0,5 АЕК төлейді. Бүгінде мұндай режимді қолданатындар саны 120 мың адамнан асады", - деді вице-министр.
Біржанов баспананы жалға берудің тағы бір опциясы туралы айтты.
"Жеке тұлғалар, мейлі ол әскери қызметші, мемлекеттік қызметші болсын, табысы мүліктік табысқа теңестірілген кезде, ол бұл табысты жыл аяқталған соң көрсетіп, аренда сомасының 10%-ін төлей алады. Мәселен, ол бір жыл бойы пәтерін 2 млн теңгеге жалға берсе, онда декларацияда осы соманы көрсетіп, 200 мың теңге төлейді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша мұндай адамдар саны 2 мыңға жуықтайды", - деді ол.
Вице-министр қазір елге шетелдіктердің келуіне байланысты ішкі істер министрлігімен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
"ІІМ Қазақстанға келгендер бойынша бүкіл мәліметті алады: кім келді, қандай пәтерге, бұл пәтердің иесі кім, аренда сомасы қанша. Біз бұл деректерді өңірлік деңгейде аламыз, сосын облыстардағы мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырамыз. Олар ақпаратты пысықтап, одан әрі камералдық бақылау аясында азаматтарға "табыс алғаны немесе алып жатқаны, оны декларациялап, салық төлеуге тиіс екенін" көрсетіп хабарлама жібереді", - деп түсіндірді шенеунік.