https://sputnik.kz/20220929/premer-ministrdin-orynbasary-reseylikterdi-basqa-qalalarga-shaqyrdy-28041654.html
Премьер-министрдің орынбасары ресейліктерді "басқа қалаларға" шақырды
Премьер-министрдің орынбасары ресейліктерді "басқа қалаларға" шақырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары-сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ресейліктердің келуіне қатысты пікір білдірді, деп... 29.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-29T11:17+0500
2022-09-29T11:17+0500
2022-09-29T11:17+0500
серік жұманғарин
ресей азаматтары
https://sputnik.kz/img/07e6/08/10/26735408_0:93:1762:1084_1920x0_80_0_0_bd92f936b2e52fc24b7b00ec5e9dc4cf.jpg
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары-сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ресейліктердің келуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Ресми мәліметке сәйкес, көрші елде ішінара мобилизация жарияланған күннен бастап Қазақстанға 100 мыңға жуық ресейлік кірген. Бірақ жартысынан көбі транзитпен басқа мемлекеттерге кетіп қалды. Оның ойынша, Қазақстанға көп ресейлік келмейді. "Олар келеді де, транзитпен кетіп жатыр. Бірақ, әрине, қазір шекаралық аймақтарға салмақ түсіп жатыр. Сол себепті оларға түсіндіріп айту керек. Бізде Орал, Ақтөбе, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан ғана емес, басқа қалалар да бар. Баратын жерлер көп", - деп атап көрсетті Жұманғарин. Айта кетері, қазіргі кезде Қазақстан-Ресей шекарасындағы кептелістің салдарынан өз азаматтарымыз елге кіре алмай жатыр. Азық-түлік тиелген көліктер де тұрып қалды. Осыған байланысты "жасыл дәліздер" ашылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/10/26735408_97:0:1665:1176_1920x0_80_0_0_1d114f22466af21af286ff85a9635c0a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
серік жұманғарин, ресей азаматтары
серік жұманғарин, ресей азаматтары
Премьер-министрдің орынбасары ресейліктерді "басқа қалаларға" шақырды
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары-сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ресейліктердің келуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, көрші елде ішінара мобилизация жарияланған күннен бастап Қазақстанға 100 мыңға жуық ресейлік кірген. Бірақ жартысынан көбі транзитпен басқа мемлекеттерге кетіп қалды.
"80 жыл бұрын аталарымыз бірге соғысты. Отанымызды қорғады. Біз үшін дом халық, қазір олардан бас тартып, кетіңіз десек, қандай қазақ боламыз. Намысымыз да, арымыз да бар. Сол себепті бұл - моральдық мәселе", - деді Жұманғарин сенат отырысынан кейінгі брифингте.
Оның ойынша, Қазақстанға көп ресейлік келмейді.
"Олар келеді де, транзитпен кетіп жатыр. Бірақ, әрине, қазір шекаралық аймақтарға салмақ түсіп жатыр. Сол себепті оларға түсіндіріп айту керек. Бізде Орал, Ақтөбе, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан ғана емес, басқа қалалар да бар. Баратын жерлер көп", - деп атап көрсетті Жұманғарин.
Айта кетері, қазіргі кезде Қазақстан-Ресей шекарасындағы кептелістің салдарынан өз азаматтарымыз елге кіре алмай жатыр. Азық-түлік тиелген көліктер де тұрып қалды. Осыған байланысты "жасыл дәліздер" ашылады.