https://sputnik.kz/20220929/ekibastuz-turgyny-23-zhyl-buryn-kisi-oltirgeni-ushin-sottaldy-28058937.html
Екібастұз тұрғыны 23 жыл бұрын кісі өлтіргені үшін сотталды
Екібастұз тұрғыны 23 жыл бұрын кісі өлтіргені үшін сотталды
Sputnik Қазақстан
Қылмыскер жанжал кезінде танысын атып өлтіріп, осы уақыт бойы Қазақстаннан тыс жерде жасырынып жүрген 29.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-29T21:15+0500
2022-09-29T21:15+0500
2023-08-10T16:22+0500
қылмыс
адам өлтіру
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0d/18395806_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_364436d66a9c2b4799341539ea71f439.jpg
ПАВЛОДАР, 29 қыркүйек – Sputnik. Кеше Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен 23 жыл бұрын адам өлтіру ісі бойынша үкім шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.1999 жылы 4 сәуір күні кешке Екібастұзда екі қала тұрғыны арасында ақшаға байланысты жанжал шыққан. Он тоғыз жастағы жігіт спорттық-аңшылық винтовкамен қарсыласының басынан атқан. Жәбірленуші көз жұмды.Осыдан кейін қылмыскер Қазақстаннан қашып, Дағыстанда ұзақ уақыт жасырынған. Алайда 2021 жылы сол жерде ұсталып, Павлодарға экстрадицияланды. Ол өткен жылдың 3 ақпанынан бері қамауда отыр.Қылмыстық іс Қазақстан Қылмыстық кодексінің 96-бабы "з" тармағы 2-бөлігі (1997 жылдың 16 шілдесіндегі редакцияда) бойынша қайта қозғалды.Сот үкімімен 42 жастағы сотталушы 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар одан жәбірленуші – марқұмның әйелінің пайдасына 8 миллион теңге моральдық шығын өндірілді.Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0d/18395806_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_da83f290fc0248e465de5b2d309c907f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыс, адам өлтіру
Екібастұз тұрғыны 23 жыл бұрын кісі өлтіргені үшін сотталды
21:15 29.09.2022 (жаңартылды: 16:22 10.08.2023) Қылмыскер жанжал кезінде танысын атып өлтіріп, осы уақыт бойы Қазақстаннан тыс жерде жасырынып жүрген
ПАВЛОДАР, 29 қыркүйек – Sputnik. Кеше Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен 23 жыл бұрын адам өлтіру ісі бойынша үкім шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
1999 жылы 4 сәуір күні кешке Екібастұзда екі қала тұрғыны арасында ақшаға байланысты жанжал шыққан. Он тоғыз жастағы жігіт спорттық-аңшылық винтовкамен қарсыласының басынан атқан. Жәбірленуші көз жұмды.
Осыдан кейін қылмыскер Қазақстаннан қашып, Дағыстанда ұзақ уақыт жасырынған. Алайда 2021 жылы сол жерде ұсталып, Павлодарға экстрадицияланды. Ол өткен жылдың 3 ақпанынан бері қамауда отыр.
Қылмыстық іс Қазақстан Қылмыстық кодексінің 96-бабы "з" тармағы 2-бөлігі (1997 жылдың 16 шілдесіндегі редакцияда) бойынша қайта қозғалды.
Сот үкімімен 42 жастағы сотталушы 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар одан жәбірленуші – марқұмның әйелінің пайдасына 8 миллион теңге моральдық шығын өндірілді.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.