https://sputnik.kz/20220928/zher-beru-tartibi-qalay-ozgeredi---ministr-tusindirdi-28012798.html
Жер беру тәртібі қалай өзгереді - министр түсіндірді
Жер беру тәртібі қалай өзгереді - министр түсіндірді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев кәсіпкерлерге жер беру рәсімі қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Sputnik... 28.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-28T13:29+0500
2022-09-28T13:29+0500
2022-09-28T13:29+0500
жер
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/697/88/6978871_0:63:1201:738_1920x0_80_0_0_c56fdfc5ff0aa13dbc1072ca02e3d286.jpg
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев кәсіпкерлерге жер беру рәсімі қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Қазіргі кезде кәсіпкерлерге жер бөлудің ашықтығы мен жеделдігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы заң жобасы әзірленді. Осы құжат жер учаскелерін ашық кадастрлық картаға беру тәртібінің рәсімдерін оңайлатуды және жер қатынастары саласындағы қызметтерді цифрландыру арқылы қызмет алушылардың әкімдіктермен өзара іс-қимылын барынша азайтуды көздейді. Министрдің айтуынша, заң жобасы жылдың соңына дейін қабылданады деген жоспар бар. Сондай-ақ, босалқы жер учаскелері, жылжымайтын мүлік объектілері туралы қолда бар деректерді бірыңғай дерекқорға біріктіру қарастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/697/88/6978871_66:0:1133:800_1920x0_80_0_0_493b78431472c17780c9027c7fe0b711.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жер, ауыл шаруашылығы
Жер беру тәртібі қалай өзгереді - министр түсіндірді
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев кәсіпкерлерге жер беру рәсімі қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде кәсіпкерлерге жер бөлудің ашықтығы мен жеделдігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы заң жобасы әзірленді. Осы құжат жер учаскелерін ашық кадастрлық картаға беру тәртібінің рәсімдерін оңайлатуды және жер қатынастары саласындағы қызметтерді цифрландыру арқылы қызмет алушылардың әкімдіктермен өзара іс-қимылын барынша азайтуды көздейді.
"Бұл түзетулер жер комиссиясы институтын алып тастайды, жер учаскелерін беру рәсімін біріздендіреді, жер учаскелерін беру рәсімін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта заң жобасы Парламент мәжілісінің қарауында жатыр", - деді Қарашөкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, заң жобасы жылдың соңына дейін қабылданады деген жоспар бар.
Сондай-ақ, босалқы жер учаскелері, жылжымайтын мүлік объектілері туралы қолда бар деректерді бірыңғай дерекқорға біріктіру қарастырылған.