Түркістан облысында ломбардты тонаған сәт видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысының Жетісай қаласында ломбард қызметкерін қарумен қорқытып, 1,2 миллион теңгені тартып алған ер адам қолға түсті, деп хабарлады Polisia.kz.
Жетісай АПБ-ға қалада орналасқан ломбардтардың бірінің қызметкері арызданды. Оның айтуынша, жұмыс орнына кешкі уақытта жаздық бас киім киген және медициналық маска тағып алған белгісіз біреу кіріп, қарумен қорқытып, ақша талап еткен. Үрейі ұшқан жәбірленуші сол мезетте күдіктіге кассадағы 1,2 миллион теңгені ұстата салған. Оңай олжалы болған сезікті оқиға орнынан ізін суытқан.
Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркеді.
Полицейлер күдіктіні "ізін суытпай" құрықтау мақсатында қажетті шараларды қолға алды. Нәтижесінде бірнеше күн ішінде бейнебақылау камерасындағы жазба арқылы күдіктінің жеке басы анықталды.
Тәртіп сақшылары сезіктіні тұрғылықты мекенжайынан ұстап, полицияға жеткізді. Ол жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты.
Күдікті бұл әрекетке ақша қажет болғандықтан барғанын жеткізді. Ал айғақ зат ретінде пневматикалық тапанша тәркілеп алынды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0