https://sputnik.kz/20220928/toy-dayyndyq-kezinde-bala-qatty-zharaqat-aldy-anasy-sot-aldynda-zhauap-beredi-27994966.html
Тойға дайындық кезінде бала қатты жарақат алды – анасы сот алдында жауап береді
Тойға дайындық кезінде бала қатты жарақат алды – анасы сот алдында жауап береді
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Байқоңыр қаласының прокурорлары қазақстандық полицияға халық арасында кеңінен талқыланған оқиғаның материалдарын тапсырды. 28.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-28T10:25+0600
2022-09-28T10:25+0600
2022-09-28T10:25+0600
бала
байқоңыр
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_a9e9e25b7724d3dae1e602ab5f1a39a4.jpg
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Байқоңыр қаласының прокурорлары қазақстандық полицияға халық арасында кеңінен талқыланған оқиғаның материалдарын тапсырды. Бір жарым жастағы бала баспалдақтан құлап, аса ауыр жарақат алды. Енді, анасы сот алдында жауап береді. Прокурорлардың айтуынша, қараусыз қалған бала коридорға еңбектеніп шығып, баспалдақтан құлаған. Бала аса ауыр дене жарақатын алды. Ғарыш айлағының құқық қорғау органдары баласын қараусыз қалдырған келіншекке қатысты қылмыстық іс қозғады. "Күдікті Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Осыған байланысты оған қатысты қозғалған қылмыстық іс қазақстандық құқық қорғау органдарына тапсырылды. Олар ары қарай тергеу шараларын жүргізеді" – деп атап көрсетті Байқоңырдың прокурорлары.Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 119-бабы (Қауіпті жағдайда қалдыру, абайсызда ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан әрекет) бойынша 2 000 айлық есептiк көрсеткiшке (6 360 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
байқоңыр
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_0e01d66b04b5a18e38599768218d2aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
бала, байқоңыр
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Байқоңыр қаласының прокурорлары қазақстандық полицияға халық арасында кеңінен талқыланған оқиғаның материалдарын тапсырды.
Бір жарым жастағы бала баспалдақтан құлап, аса ауыр жарақат алды. Енді, анасы сот алдында жауап береді.
"Тергеу материалдарына сәйкес, келіншек баласымен бірге Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы Жосалы ауылынан туыстарының үйіне келген. Олар көпқабатты үйде тұрады. Барлығы тойдың қамымен жүрген", - дейді прокурорлар.
Прокурорлардың айтуынша, қараусыз қалған бала коридорға еңбектеніп шығып, баспалдақтан құлаған. Бала аса ауыр дене жарақатын алды. Ғарыш айлағының құқық қорғау органдары баласын қараусыз қалдырған келіншекке қатысты қылмыстық іс қозғады.
"Күдікті Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Осыған байланысты оған қатысты қозғалған қылмыстық іс қазақстандық құқық қорғау органдарына тапсырылды. Олар ары қарай тергеу шараларын жүргізеді" – деп атап көрсетті Байқоңырдың прокурорлары.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 119-бабы (Қауіпті жағдайда қалдыру, абайсызда ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан әрекет) бойынша 2 000 айлық есептiк көрсеткiшке (6 360 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.