https://sputnik.kz/20220928/soltustik-agyndy-zhargan-kim--gaz-sogysy-kusheyip-barady-28052852.html
"Солтүстік ағынды" жарған кім – газ соғысы күшейіп барады
"Солтүстік ағынды" жарған кім – газ соғысы күшейіп барады
Sputnik Қазақстан
Осы аптаның басында "Солтүстік ағынның" екі бірдей құбырында қысым күрт төмендеп кетті. Бас кезінде осы ақпаратқа ешкім сенбеді. Алайда біршама уақыттан кейін... 28.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-28T18:39+0500
2022-09-28T18:39+0500
2022-09-29T16:39+0500
газ
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1d/28053154_0:36:2500:1442_1920x0_80_0_0_d189a71b655094d1be51074086f3e7e6.jpg
Осы аптаның басында "Солтүстік ағынның" екі бірдей құбырында қысым күрт төмендеп кетті. Бас кезінде осы ақпаратқа ешкім сенбеді. Алайда біршама уақыттан кейін газ құбырының операторы Nord Stream AG газ қысымың түсіп кеткенін растады. Артынан үш бірдей желіде - "Солтүстік ағын-1"-де екі, ал "Солтүстік ағын-2"-нің бір жері зақымдалғаны туралы мәлімет тарады. Төтенше жағдайлар Данияның Борнхольм аралынан солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс жағында қарай болған, деп жазады РИА Новости. Оператор барлық мәліметті жинап, талдауға кірісті. Ал Кремль өз мәлімдемесін дайындап жатқанда баспасөзде газ құбырына кездейсоқ зақым тигені туралы ақпарат тарады. Болжамға сәйкес, сол аймақта жүрген кемелердің біреуі зәкірімен іліп кетті, содан газ құбыры тесілген. Алайда газ құбырының тесілген жерлері бір-бірінен 20 шақырым шалай орналасқан. Оған қоса, құбырдың өзі қатаң талаптар бойынша жасалған. Сондықтан кез келген кеме зәкірін сүйреп, құбырды іліп кетсе де, тесе алмайды.Ресей президентінің баспасөз хатшысы бұрын-соңды болмаған оқиға орын алғанын айтты, диверсияны да жоққа шығармады. Батыстың басылымдары Кремльдің болжамын жаппай қолдап кетті. Германияның Tagesspiegel газеті құбырларды жарып жіберген, оны Украина немесе оған көмек беріп жатқан мемлекеттер ұйымдастыруы мүмкін деп жазды. Содан осы іспетті материалдар көбейіп кетті. Ал неміс тіліндегі Berlingske басылымы Данияның энергетикалық агенттігіне сілтеме жасап, апат болған жерде құбырдың жай сөгіліп кетпегенін, кәдімгідей үлкен тесіктің пайда болғанын хабарлады.Бірнеше сағаттан кейін Германия үкіметі арнайы тергеу шаралараның басталғанын мәлімдеді. Оған федералдық қызметтер тартылды. Берлин газ құбырындағы апатты диверсия ретінде қарастырып жатқанын да ашық айтты. Осылайша, "Солтүстік ағынның" тұрақты жұмыс істеуіне мүдделі екі мемлекет – Ресей де, Германия да диверсиядан басқа себептерге сенбейтін сияқты.Негізі, "Солтүстік ағынның" екі желісі де Ресейдегі Балтық теңізінің жағасынан Германия жағалауына дейін созылып жатыр. Бірақ бір-біріне ұқсамайды және қатар жатқан жоқ. Орташа тереңдігі – 100 метр. Газ құбыры судің түбінде жатыр, оны топырақтың астына тықпады. Енді, Борнхольм аралы маңайындағы тереңдік картасын алып қарасақ, "Солтүстік ағын-1" құбыры 45-50 метр тереңдікте зақымдалған, ал екінші желі 50-60 метр тереңдікте тесілген.Швецияның сейсмологиялық орталығы ұсынған мәліметке сәйкес, газ құбыры тесілмей жатып, тербелістер тіркелді. Магнитудасы 2,3 балдан кем болмады. Мамандар болса, бәрін есептеп, газ құбырларын жарып жіберді деген қорытындыға келді. Ал зарядтың қуаты тротилдік баламамен 100 келіге жуық болған.Осы орайда 2021 жылы сәуір айында өткен НАТО-ның әскери-теңіз жаттығулары еріксіз есіңе түседі. Сол кезде Польшаның ұшақтары мен кемелері "Солтүстік ағын-2" құбырын тартқан "Фортуна" кемесін айналып, сол жерден шықпай қойған. Ал оқу-жаттығулар аяқталған бойда Baltic Pipe газ құбырының құрылысы жылдам жүре бастады. Онымен Норвегия мен Польшаны байланыстыру жоспары болған. Дәл сол құбыр теңіздің түбінде "Солтүстік ағын" қиылысады делінген.Ресейдің әскери сарапшылары ондай жоба "Солтүстік ағынға" қауіп төндіретінін айтқан. Тіпті, диверсиялық әрекеттер де жасалуы мүмкін деді. Оны әскери жүзушілердың қолымен, я болмаса, су асты аппараттардың көмегімен жасауға болады екен. Ал НАТО-да ондай аппараттар баршылық. Қару-жарақтың бұл түрі оптикалық-талшықты кабель арқылы басқарылады. Нысананы көздеу камерасы мен гидролокаторы бар. Аппарат жүз келіден астам жарылғыш затты тасымалдай алады.Сосын соңғы кезде осы аймақта АҚШ-тың әскери-теңіз күштерінің кемелері де көбейіп кетті. Әуетрекерлерден алынған мәліметке сәйкес, тікұшақтар да бір ай бойы Борнхольмге жақын жерде айналып жүр. Sea Power журналына шыққан мақаланы да елеусіз қалдыруға болмады. Шілде айында шыққан материалда соққы жасайтын су асты аппараттардың сынақтан сәтті өткену туралы жазылған. Оны BALTOPS 22 кезінде пайдаланған. Осы әскери оқу-жаттығулар жаңағы аралдың жанында кеше ғана газ құбырларында болған жарылыстардан кейін аяқталды."Солтүстік ағындар" екі мемлекетке ғана қаже. Олар – Ресей мен Германия. Біреуі мықты валютамен пайда тапса, екіншісі атом энергетикасынан бас тартып, халық пен өнеркәсіпті жылумен қамтамасыз ете алады. Шыны керек, "Солтүстік ағын-2" құрылысы басталған бойда батыста айқай-шу көтерілді. Алайда сан алуан қиындықтарға қарамастан, оны Грайфсвальдқа дейін тартты. Техникалық газбен де толтырып қойды. Алайда соңғы оқиғалардан кейін ұжымдық қысымға ұшыраған Берлин жобаны тоқтатты. Ал "Солтүстік ағын-1" жоспарлы жөндеу жұмыстарына дейін толық көлемде істеп тұрған.Енді, газ құбырын қайта іске қосу үшін біраз уақыт керек болады. Бірнеше айға да созылуы мүмкін. Германия қорда қалған газды тұтынады, одан кейін қажетті көлемін Польшадан сатып алуға мәжбүр болады. Ал Польшаның өзі жаңа газ құбырын іске қосып, Еуропа нарығындағы үлесін ғана емес, беделін де арттырады. Германия мұхиттың арғы жағынан сұйытылған газды алатын шығар."Солтүстік ағында" болған апаттан кейін Еуропада табиғи газдың бағасы бірден 400 долларға қымбаттап, мың текше метрі үшін 2 100 долларға дейін жетті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1d/28053154_265:0:2484:1664_1920x0_80_0_0_f384ab2086f4e3285f8e3fbbb5355ef1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ
Осы аптаның басында "Солтүстік ағынның" екі бірдей құбырында қысым күрт төмендеп кетті. Бас кезінде осы ақпаратқа ешкім сенбеді. Алайда біршама уақыттан кейін газ құбырының операторы Nord Stream AG газ қысымың түсіп кеткенін растады. Артынан үш бірдей желіде - "Солтүстік ағын-1"-де екі, ал "Солтүстік ағын-2"-нің бір жері зақымдалғаны туралы мәлімет тарады. Төтенше жағдайлар Данияның Борнхольм аралынан солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс жағында қарай болған, деп жазады
РИА Новости. Оператор барлық мәліметті жинап, талдауға кірісті. Ал Кремль өз мәлімдемесін дайындап жатқанда баспасөзде газ құбырына кездейсоқ зақым тигені туралы ақпарат тарады. Болжамға сәйкес, сол аймақта жүрген кемелердің біреуі зәкірімен іліп кетті, содан газ құбыры тесілген. Алайда газ құбырының тесілген жерлері бір-бірінен 20 шақырым шалай орналасқан. Оған қоса, құбырдың өзі қатаң талаптар бойынша жасалған. Сондықтан кез келген кеме зәкірін сүйреп, құбырды іліп кетсе де, тесе алмайды.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы бұрын-соңды болмаған оқиға орын алғанын айтты, диверсияны да жоққа шығармады. Батыстың басылымдары Кремльдің болжамын жаппай қолдап кетті. Германияның Tagesspiegel газеті құбырларды жарып жіберген, оны Украина немесе оған көмек беріп жатқан мемлекеттер ұйымдастыруы мүмкін деп жазды. Содан осы іспетті материалдар көбейіп кетті. Ал неміс тіліндегі Berlingske басылымы Данияның энергетикалық агенттігіне сілтеме жасап, апат болған жерде құбырдың жай сөгіліп кетпегенін, кәдімгідей үлкен тесіктің пайда болғанын хабарлады.
Бірнеше сағаттан кейін Германия үкіметі арнайы тергеу шаралараның басталғанын мәлімдеді. Оған федералдық қызметтер тартылды. Берлин газ құбырындағы апатты диверсия ретінде қарастырып жатқанын да ашық айтты. Осылайша, "Солтүстік ағынның" тұрақты жұмыс істеуіне мүдделі екі мемлекет – Ресей де, Германия да диверсиядан басқа себептерге сенбейтін сияқты.
Негізі, "Солтүстік ағынның" екі желісі де Ресейдегі Балтық теңізінің жағасынан Германия жағалауына дейін созылып жатыр. Бірақ бір-біріне ұқсамайды және қатар жатқан жоқ. Орташа тереңдігі – 100 метр. Газ құбыры судің түбінде жатыр, оны топырақтың астына тықпады. Енді, Борнхольм аралы маңайындағы тереңдік картасын алып қарасақ, "Солтүстік ағын-1" құбыры 45-50 метр тереңдікте зақымдалған, ал екінші желі 50-60 метр тереңдікте тесілген.
Швецияның сейсмологиялық орталығы ұсынған мәліметке сәйкес, газ құбыры тесілмей жатып, тербелістер тіркелді. Магнитудасы 2,3 балдан кем болмады. Мамандар болса, бәрін есептеп, газ құбырларын жарып жіберді деген қорытындыға келді. Ал зарядтың қуаты тротилдік баламамен 100 келіге жуық болған.
Осы орайда 2021 жылы сәуір айында өткен НАТО-ның әскери-теңіз жаттығулары еріксіз есіңе түседі. Сол кезде Польшаның ұшақтары мен кемелері "Солтүстік ағын-2" құбырын тартқан "Фортуна" кемесін айналып, сол жерден шықпай қойған. Ал оқу-жаттығулар аяқталған бойда Baltic Pipe газ құбырының құрылысы жылдам жүре бастады. Онымен Норвегия мен Польшаны байланыстыру жоспары болған. Дәл сол құбыр теңіздің түбінде "Солтүстік ағын" қиылысады делінген.
Ресейдің әскери сарапшылары ондай жоба "Солтүстік ағынға" қауіп төндіретінін айтқан. Тіпті, диверсиялық әрекеттер де жасалуы мүмкін деді. Оны әскери жүзушілердың қолымен, я болмаса, су асты аппараттардың көмегімен жасауға болады екен. Ал НАТО-да ондай аппараттар баршылық. Қару-жарақтың бұл түрі оптикалық-талшықты кабель арқылы басқарылады. Нысананы көздеу камерасы мен гидролокаторы бар. Аппарат жүз келіден астам жарылғыш затты тасымалдай алады.
Сосын соңғы кезде осы аймақта АҚШ-тың әскери-теңіз күштерінің кемелері де көбейіп кетті. Әуетрекерлерден алынған мәліметке сәйкес, тікұшақтар да бір ай бойы Борнхольмге жақын жерде айналып жүр. Sea Power журналына шыққан мақаланы да елеусіз қалдыруға болмады. Шілде айында шыққан материалда соққы жасайтын су асты аппараттардың сынақтан сәтті өткену туралы жазылған. Оны BALTOPS 22 кезінде пайдаланған. Осы әскери оқу-жаттығулар жаңағы аралдың жанында кеше ғана газ құбырларында болған жарылыстардан кейін аяқталды.
"Солтүстік ағындар" екі мемлекетке ғана қаже. Олар – Ресей мен Германия. Біреуі мықты валютамен пайда тапса, екіншісі атом энергетикасынан бас тартып, халық пен өнеркәсіпті жылумен қамтамасыз ете алады. Шыны керек, "Солтүстік ағын-2" құрылысы басталған бойда батыста айқай-шу көтерілді. Алайда сан алуан қиындықтарға қарамастан, оны Грайфсвальдқа дейін тартты. Техникалық газбен де толтырып қойды. Алайда соңғы оқиғалардан кейін ұжымдық қысымға ұшыраған Берлин жобаны тоқтатты. Ал "Солтүстік ағын-1" жоспарлы жөндеу жұмыстарына дейін толық көлемде істеп тұрған.
Енді, газ құбырын қайта іске қосу үшін біраз уақыт керек болады. Бірнеше айға да созылуы мүмкін. Германия қорда қалған газды тұтынады, одан кейін қажетті көлемін Польшадан сатып алуға мәжбүр болады. Ал Польшаның өзі жаңа газ құбырын іске қосып, Еуропа нарығындағы үлесін ғана емес, беделін де арттырады. Германия мұхиттың арғы жағынан сұйытылған газды алатын шығар.
"Солтүстік ағында" болған апаттан кейін Еуропада табиғи газдың бағасы бірден 400 долларға қымбаттап, мың текше метрі үшін 2 100 долларға дейін жетті.