Шығыс Қазақстан және Абай облыстары елордаға 282 тонна азық-түлік әкеледі

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстан және Абай облыстары 1 және 2 қазанда Астанада өтетін жәрмеңкеде өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Екі облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындары елорда тұрғындары мен қонақтарына жоғары сапалы экологиялық таза өнімдер ұсынады. Өнім ассортименті жалпы көлемі 282 тоннаны құрайтын 70-тен астам атауды құрайды.
Оның ішінде: 91 тонна картоп пен көкөніс, 59,9 тонна бал, 48,8 тонна ет, 17 тонна күнбағыс майы, 13 тонна бақша дақылдары, 8 тонна сүт өнімдері, 7,5 тонна балық өнімдері, 5 тонна құс еті, 5 тоннадан астам қымыз және панты өнімдері, 4 тонна ұлттық тағамдар және 3 тонна шұжық өнімдері.
Барлық өнім санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келеді және сатушыларда өнімдердің шығу тегін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар болады.
Сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама дайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, аталған жәрмеңке ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға делдалсыз сатуға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде олардың өнімдерінің бағасы нарықтық бағадан 10-20%-ға төмен болады.
Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбіде 30 қазанға дейін өтеді. Өтетін орны: Тұран 48 мекен-жайы бойынша орналасқан "Астана-Арена" стадионының жанындағы алаң. Келесі өнімді 8-9 қазан күндері Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының кәсіпкерлері ұсынады.
Жаңалықтар
0