Қоғам

Республика күні пайда болды: қазақстандықтар қазан айында қалай демалады

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандықтар биыл Республика күніне орай қазан айында қатарынан үш күн – 23, 24 және 25 қазан демалады.
Биыл "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға 25 қазан – Республика күні – ұлттық мейрам ретінде өзгеріс енгізу жоспарланып отыр. Биыл бұл дата сейсенбі күнге түседі.
Осыған орай еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мереке күндерінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану үшін демалыс күнін ауыстыру туралы үкімет қаулысының жобасын әзірледі.

"Демалыс күні 2022 жылғы 22 қазан сенбіден 2022 жылғы 24 қазан дүйсенбіге ауыстырылсын", - делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта.

Осылайша қазақстандықтар Республика күніне орай қатарынан 3 күн – 23, 24 және 25 қазан демалады. Ал сенбі, 22 қазан жұмыс істейді.
Қаулы жобасы 12 қазанға дейін қоғам талқысына шығарылды.
Биыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың отырысында осы мейрамды қайтару қажеттігін мәлімдеді.
Жуырда парламент тиісті заңды қабылдады. Оған сәйкес, 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде белгіленді.
Айта кетері, Тәуелсіздік күні бұдан былай тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде аталып өтеді.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2022
25 қазан – Республика күні Қазақстанға қандай өзгеріс әкеледі
Жаңалықтар
0