https://sputnik.kz/20220928/qazaqstan-euraziyalyq-kenistiktegi-iri-tsifrlyq-khab-28000665.html
Қазақстан еуразиялық кеңістіктегі ірі цифрлық хабқа айналу міндетін қойды – Тоқаев
Қазақстан еуразиялық кеңістіктегі ірі цифрлық хабқа айналу міндетін қойды – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан өз алдына еуразиялық кеңістіктегі ең ірі цифрлық хабтардың біріне айналу стратегиялық міндетін қойды, деді... 28.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-28T11:15+0500
2022-09-28T11:15+0500
2022-09-28T14:47+0500
қасым-жомарт тоқаев
цифрландыру
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16374061_38:0:1962:1082_1920x0_80_0_0_c9c61ea27951c14388f6494b0f2ab702.jpg
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан өз алдына еуразиялық кеңістіктегі ең ірі цифрлық хабтардың біріне айналу стратегиялық міндетін қойды, деді Қасым-Жомарт Тоқаев "Digital Bridge 2022" халықаралық технологиялық форумының пленарлық отырысында.Мемлекет басшысының айтуынша, екі жыл бұрын әлемдік ІТ нарыққа 30 миллион маман керек еді. Бүгінде бұл қажеттілік 100 миллионға жетті. Ал 2025 жылға қарай 200 миллионға дейін артады. "Уақыт өткен сайын бұл көрсеткіш өсе береді. Сондықтан аталған салада кәсіби мамандарға деген сұраныс өте жоғары болады. Біз бұл сын-қатерді жақсы түсінеміз. Сондықтан 2025 жылға қарай кем дегенде 100 мың жоғары білікті ІТ маман даярлау міндетін қойдық", - дейді Тоқаев.Президенттің сөзінше, осы биік мақсатқа қол жеткізу үшін бейінді университеттер өңірлік жоғарғы оқу орындарын қамқорлығына алды, грант арқылы оқыту кеңейіп, 12 жеке меншік IT-мектеп ашылды."Жуырда Нью-Йоркке жасаған сапарым аясында "Digital Nomads" IT-қауымдастығындағы жас отандастарымызбен кездестім. Олар АҚШ, Еуропаның ірі компанияларында жұмыс істейді және жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті.Қазіргі таңда Қазақстанда да халықаралық деңгейдегі өнімдерді жасауға қабілетті талантты адамдар аз емес. Сондықтан Үкіметке келесі міндеттер қойылады: бір жағынан, жастар қай жерде жұмыс істесе де, оларға қолдау көрсету керек, ал екінші жағынан, оларды еліміздегі цифрландыру ісіне барынша араластыру қажет", - деді президент.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16374061_278:0:1721:1082_1920x0_80_0_0_37cd5809eaf8c6a5c664a41d8ed3552a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, цифрландыру
қасым-жомарт тоқаев, цифрландыру
Қазақстан еуразиялық кеңістіктегі ірі цифрлық хабқа айналу міндетін қойды – Тоқаев
11:15 28.09.2022 (жаңартылды: 14:47 28.09.2022) АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан өз алдына еуразиялық кеңістіктегі ең ірі цифрлық хабтардың біріне айналу стратегиялық міндетін қойды, деді Қасым-Жомарт Тоқаев "Digital Bridge 2022" халықаралық технологиялық форумының пленарлық отырысында.
"Сарапшылардың болжамы бойынша, он жылдан кейін әлемдегі өнімдер мен қызметтердің 70 пайызы цифрлық платформалық модельдерге негізделеді. Осындай жағдайда Қазақстан өз алдына еуразиялық кеңістіктегі ең ірі цифрлық хабтардың біріне айналу стратегиялық міндетін қойды. Бұл үшін берік негіз бар. Бүгінде Қазақстан көптеген дамыған елден озып, БҰҰ-ның цифрланған мемлекеттер рейтингінде үздік отыз елдің қатарына кіреді. Қазақстан цифрландырудың дамыту векторын мазмұндық жағынан да, институционалдық тұрғысынан да нақты айқындағанын атап өткен жөн", - деді президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, екі жыл бұрын әлемдік ІТ нарыққа 30 миллион маман керек еді. Бүгінде бұл қажеттілік 100 миллионға жетті. Ал 2025 жылға қарай 200 миллионға дейін артады.
"Уақыт өткен сайын бұл көрсеткіш өсе береді. Сондықтан аталған салада кәсіби мамандарға деген сұраныс өте жоғары болады. Біз бұл сын-қатерді жақсы түсінеміз. Сондықтан 2025 жылға қарай кем дегенде 100 мың жоғары білікті ІТ маман даярлау міндетін қойдық", - дейді Тоқаев.
Президенттің сөзінше, осы биік мақсатқа қол жеткізу үшін бейінді университеттер өңірлік жоғарғы оқу орындарын қамқорлығына алды, грант арқылы оқыту кеңейіп, 12 жеке меншік IT-мектеп ашылды.
"Жуырда Нью-Йоркке жасаған сапарым аясында "Digital Nomads" IT-қауымдастығындағы жас отандастарымызбен кездестім. Олар АҚШ, Еуропаның ірі компанияларында жұмыс істейді және жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті.Қазіргі таңда Қазақстанда да халықаралық деңгейдегі өнімдерді жасауға қабілетті талантты адамдар аз емес. Сондықтан Үкіметке келесі міндеттер қойылады: бір жағынан, жастар қай жерде жұмыс істесе де, оларға қолдау көрсету керек, ал екінші жағынан, оларды еліміздегі цифрландыру ісіне барынша араластыру қажет", - деді президент.