"Премьерге жеткізіңіз": Қошанов мәжіліске келген вице-министрлерге ескерту жасады

© Sputnik / Абзал КалиевЧлены Национального совета общественного доверия
Члены Национального совета общественного доверия - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Парламент мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов төменгі палатаның пленарлық отырысына дайындықсыз келген вице-министрлерге ескерту жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін мәжілісте "Кейбір заңнамалық актілерге мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" заң жобасы талқыланды. Сұрақ-жауап барысында вице-министрлер депутаттардың сауалына мардымды жауап бере алмады.
Үкімет мүшелерінің жауабына мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың да көңілі толмады.
"Пленарлық отырысқа дайындалып келу керек. Қол астындағы адамдардың қолдарыңызға жазып берген анықтамасын оқып берудің қажеті жоқ. Осы сұрақтардың барлығы бұған дейін жұмыс тобында талқыланды, комитеттің отырысында қаралды. Енді оны осы жерге келгенде бес саусақтай біліп тұруларыңыз керек қой", - деді спикер вице-министрлерге.
"Мен үкімет өкіліне де осы ескертпені айтамын. Премьер-министрге жеткізіңіз. Егер осы жерде дайын емес министрліктердің өкілдері болса, орнына басқа адамдар келсін", - деп ашуланды Қошанов.
Жаңалықтар
0