Мемлекетке қайтарылған жер кімге беріледі

© PhotoКорова
Корова  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Ауыл шаруашылғы министрі Ербол Қарашөкеев мемлекетке қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерін тарату тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін мемлекетке пайдаланылмай жатқан 3,84 миллион гектар жер қайтарылды. Жыл соңына дейін тағы 1,16 млн гектарды қайтару жұмысы аяқталады.

"Осы жерлердің 90 проценті – жайылымдар, қалғаны – егістік. Қазір барлығы мемлекет меншігіне рәсімделді. Енді заң бойынша жергілікті билік - әкімдіктер оны таратуды бастайды. Әрине, жайылым жер жетіспей жатқан шаруаларға басымдық беріледі", - деді Қарашөкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде республика бойынша жайылым жерлеріне деген қажеттілік 15 миллион гектарды құрап отыр. Жалпы, 2023 жылдың соңына дейін пайдаланылмайтын және заңсыз берілген 10 миллион гектар ауыл шаруашылығы жері бойынша нақты шешімдер қабылданады деген жоспар бар. Алайда осы жұмысты орындау үшін қосымша 200 маман қажет.
Алайда тексерістен кейін жерді пайдалануға кірісетін шаруалар да бар. Мәселен, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін 1,3 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерлері игеріле бастады.
Жаңалықтар
0