Бас прокурордың орынбасары Мәсімов туралы: ешкім ешқайда қашқан жоқ

© Sputnik / Владислав ВодневГлава КНБ Карим Масимов на заседании правительства
Глава КНБ Карим Масимов на заседании правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2022
Жазылу
Қаңтар оқиғасы бойынша ұсталған ҰҚК бұрынғы төрағасы мен оның орынбасарлары қамауда отыр. Соттың қашан өтетіні әзірге белгісіз
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжіліс кулуарында журналистер қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған Кәрім Мәсімов жайлы еш мағлұмат жоқ екенін, қазақстандықтардың көбі оның шынымен қамауда отырғанына күмәнданатынын айтып, неге халыққа ақпарат берілмей отырғанын сұрады.
Шындалиев Мәсімовтің ісін ҰҚК тергеп жатқанын, оған "құпия" деген гриф берілгенін атап өтті. Яғни материалдар жария етілмейді.
"Бұл іс бойынша барлық күдікті қамауда отыр. Ешкім ешқайда кеткен жоқ және жасырынған жоқ. Іс аяқталды, қазір материалдармен танысу басталды", - деді Шындалиев мәжіліс кулуарында.
Айтуынша, Мәсімовтің соты қашан өтетіні әзірге белгісіз. Өйткені айыпталушылардың адвокаттарының іс материалдарымен танысу екі-үш ай уақыт алуы мүмкін. 25 тамызда ҰҚК комитеттің бұрынғы басшылығы Кәрім Мәсімовке, Әнуар Садықұловқа, Дәулет Ерғожинге, Марат Өсіповке және лауазымды адамдар Д.М.Акиповке, Н.К. Бекмұратқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
Мәсімовтің әрекеттері Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) сараланды.
6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы қызметінен босатылды.
Жаңалықтар
0