https://sputnik.kz/20220928/astanada-madeni-mura-festivali-ashyldy-28033632.html
Астанада мәдени мұра фестивалі ашылды
Астанада мәдени мұра фестивалі ашылды
Sputnik Қазақстан
Халықаралық фестиваль елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына арналды 28.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-28T19:38+0500
2022-09-28T19:38+0500
2022-09-28T19:38+0500
қазақстан
ресей
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1c/28028937_1:0:1920:1079_1920x0_80_0_0_b540458b429f0e95e241ad147f0af3bf.jpg
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда 28 қыркүйек пен 8 қазан аралығында "Ресей-Қазақстан: мәдени мұра" фестивалі өтеді.Фестиваль бір ғасырдан астам уақыт бойы жалғасып келе жатқан Қазақстан мен Ресей мәдениеттері арасындағы диалогты баяндап, тарихта із қалдырған мәдениет қайраткерлерімен кең аудиторияны таныстыруды көздейді.Шетелдегі орыс мұрасы қорының жетекшісі Елена Чернышкова қор жақында құрылғанын және мемлекеттік емес екенін, бірақ соған қарамастан біздің елдеріміздің тарихын барлығы білу үшін мемлекеттік органдар мен елшіліктермен тығыз ынтымақтастық орнатқанын атап өтті."Қазақстандық және ресейлік шығармашылық ұжымдардың Астана мен Алматыда бірлесіп ұйымдастыратын іс-шаралар бағдарламасы елдеріміз арасындағы мәдени байланысты нығайтуға тағы бір қадам болмақ. Біздің қордың Қазақстан Республикасындағы жұмысы тек фестивальмен шектелмейді. 2022-2023 жылдары Қазақстан Ұлттық кітапханасындағы Ресейдің кітап бұрышын қолдау, қазақ кітапханаларының орыс тілді кітапхана қорын толықтыру, Қызылорда қаласындағы орыс қорымын сақтау, Қостанайдағы театр жобасына қолдау көрсету және т.б. жобалар бар", - деп толықтырды Елена Чернышкова.Баспасөз мәслихатынан кейін қонақтар фестивальдің ашылуына арналған концертті тамашалады, оның барысында С.Прокофьевтің, С.Рахманиновтың, Н.Метнердің, И.Стравинскийдің камералық шығармаларын халықаралық байқаулардың лауреаттары орындады.Фестиваль өз жұмысын Алматыда жалғастырады.
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1c/28028937_241:0:1680:1079_1920x0_80_0_0_92a00e722821df5ca145a21d15aa544b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей
Астанада мәдени мұра фестивалі ашылды
Халықаралық фестиваль елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына арналды
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда 28 қыркүйек пен 8 қазан аралығында "Ресей-Қазақстан: мәдени мұра" фестивалі өтеді.
Фестиваль бір ғасырдан астам уақыт бойы жалғасып келе жатқан Қазақстан мен Ресей мәдениеттері арасындағы диалогты баяндап, тарихта із қалдырған мәдениет қайраткерлерімен кең аудиторияны таныстыруды көздейді.
Шетелдегі орыс мұрасы қорының жетекшісі Елена Чернышкова қор жақында құрылғанын және мемлекеттік емес екенін, бірақ соған қарамастан біздің елдеріміздің тарихын барлығы білу үшін мемлекеттік органдар мен елшіліктермен тығыз ынтымақтастық орнатқанын атап өтті.
"Қазақстандық және ресейлік шығармашылық ұжымдардың Астана мен Алматыда бірлесіп ұйымдастыратын іс-шаралар бағдарламасы елдеріміз арасындағы мәдени байланысты нығайтуға тағы бір қадам болмақ. Біздің қордың Қазақстан Республикасындағы жұмысы тек фестивальмен шектелмейді. 2022-2023 жылдары Қазақстан Ұлттық кітапханасындағы Ресейдің кітап бұрышын қолдау, қазақ кітапханаларының орыс тілді кітапхана қорын толықтыру, Қызылорда қаласындағы орыс қорымын сақтау, Қостанайдағы театр жобасына қолдау көрсету және т.б. жобалар бар", - деп толықтырды Елена Чернышкова.
Баспасөз мәслихатынан кейін қонақтар фестивальдің ашылуына арналған концертті тамашалады, оның барысында С.Прокофьевтің, С.Рахманиновтың, Н.Метнердің, И.Стравинскийдің камералық шығармаларын халықаралық байқаулардың лауреаттары орындады.
Фестиваль өз жұмысын Алматыда жалғастырады.