Вице-премьер ресейліктердің келуі жайлы: байбалам салудың қажеті жоқ

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өту Астана келбеті
 Астана келбеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин қазақстандықтарға "әліптің артын бағуға" кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол соңғы жылдары Қазақстан күтпеген оқиғалармен бетпе-бет келіп жатқанын айтты.
"Барлық мәселеге "жақсы" немесе "жаман" деп баға беру қиын. Мен қыс пен көктемге көкөніс сатып алу үшін Өзбекстанға барып, келісіп қайттым. Ол жақта да адам өте көп. Айтарлықтай білінеді. Жұрт жақсы өмірден қашып келіп жатқан жоқ. Қырғызстанда, Грузияда, Арменияда. Сондықтан ең алдымен, біз өз азаматтарымыздың өмірі нашарлап кетпеуі үшін баланс сақтаймыз. Көбісі Қазақстан арқылы басқа елдерге кетеді, мына жақта қалмайды. Сол себепті жағдайды бақылап, байбалам салмауымыз қажет", - деді Жұманғарин үкімет кулуарында.
Вице-премьер әзірге азық-түлік бағасы өспегенін атап өтті.
Десе де, министрдің айтуынша, азық-түлік емес, әсіресе, бірінші кезекте тұтынылатын тауарлармен аздаған қиындық бар. Алдағы уақытта осы мәселеге қатысты жиналыс өтеді.
Жаңалықтар
0