https://sputnik.kz/20220927/uchaskelik-politseyler-tergeumen-de-aynalysady--ministr-akhmetzhanov-27968271.html
Учаскелік полицейлер тергеумен де айналысады – министр Ахметжанов
Учаскелік полицейлер тергеумен де айналысады – министр Ахметжанов
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Полицейлер алдағы уақытта тергеу жүргізіп, істі тікелей сотқа жіберуге мүмкіндік алады. Бұл туралы ішкі істер министрі Марат... 27.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-27T13:44+0500
2022-09-27T13:44+0500
2023-08-10T16:58+0500
тергеу
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23936478_0:42:1281:762_1920x0_80_0_0_7846e4b5f2b9f1efdbbbc6468f676305.jpg
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Полицейлер алдағы уақытта тергеу жүргізіп, істі тікелей сотқа жіберуге мүмкіндік алады. Бұл туралы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, бүгінде тергеушілердің жүктемесі жоғары болып тұр. Соның салдарынан олар маңызды істерге ден қоя алмайды, істі сапалы түрде тергеуге мүмкіндік жоқ. Ал кейбір жағдайларда істің мән-жайы айқын. Ондай істермен енді учаскелік полицейлер айналысады.Осыған орай, министрлік келесі жылдан бастап қиын емес істер бойынша полициялық тергеуге көшуді жоспарлап отыр."Сонда тергеушілерге көп салмақ түспейді. Олар өздеріне түскен қылмыстық істерді тиянақты әрі сапалы түрде тергей алады", - деп толықтырды Марат Ахметжанов.Министрдің айтуынша, себебі анық әрі мән-жайы белгілі істерді учаскелік полицейлер тергейді. Сосын айыптау хаттамасымен тікелей сотқа жібереді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23936478_57:0:1194:853_1920x0_80_0_0_36937ae3a41902bf3c3d96e745ed6d35.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тергеу
Учаскелік полицейлер тергеумен де айналысады – министр Ахметжанов
13:44 27.09.2022 (жаңартылды: 16:58 10.08.2023) АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Полицейлер алдағы уақытта тергеу жүргізіп, істі тікелей сотқа жіберуге мүмкіндік алады. Бұл туралы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, бүгінде тергеушілердің жүктемесі жоғары болып тұр. Соның салдарынан олар маңызды істерге ден қоя алмайды, істі сапалы түрде тергеуге мүмкіндік жоқ. Ал кейбір жағдайларда істің мән-жайы айқын. Ондай істермен енді учаскелік полицейлер айналысады.
"Қазір біздің жүктемеміз өте үлкен, себебі республика бойынша қозғалатын істердің 96 процентін ішкі істер органдары тергейді. Бұдан бөлек, әкімшілік құқық бұзушылықтар да аз емес. Сондықтан бізге қылмыстық процесті барынша оңтайландыру қажет", - деді Ахметжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Осыған орай, министрлік келесі жылдан бастап қиын емес істер бойынша полициялық тергеуге көшуді жоспарлап отыр.
"Сонда тергеушілерге көп салмақ түспейді. Олар өздеріне түскен қылмыстық істерді тиянақты әрі сапалы түрде тергей алады", - деп толықтырды Марат Ахметжанов.
Министрдің айтуынша, себебі анық әрі мән-жайы белгілі істерді учаскелік полицейлер тергейді. Сосын айыптау хаттамасымен тікелей сотқа жібереді.