https://sputnik.kz/20220927/sheteldikterge-zhsn-ne-ushin-beriledi-27983787.html
Шетелдіктерге ЖСН не үшін беріледі
Шетелдіктерге ЖСН не үшін беріледі
Sputnik Қазақстан
Көрші елде ішінара мобилизация жарияланғалы бері ресейліктер Қазақстанға ағылуда. Көбі Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, ЖСН алуға тырысып жатыр 27.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-27T16:32+0500
2022-09-27T16:32+0500
2022-09-27T16:32+0500
ресей азаматтары
халыққа қызмет көрсету орталығы
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16380086_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_f40a88a8aac04f5035fb5eea1450b551.jpg
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы ұзын-сонар кезектің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Министрліктің мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы Дәулет Бекмановтың айтуынша, қазір ресейліктер банк шоттарын ашу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезекте тұр. ЖСН бір рет беріледі. Оны Қазақстанға келген сайын рәсімдеудің қажеті жоқ. Сондай-ақ, оның айтуынша, шетелдіктерді әкімшілік жауапқа тарту үшін де ЖСН қажет. "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин жыл басынан бері ХҚКО-ларға ЖСН беру бойынша резидент емес тұлғалардан 320 мыңнан астам өтінім түскенін мәлімдеді. Соның ішінде 97 мың өтінім Ресей азаматтарынан қабылданған. Мәселен кеше, 26 қыркүйекте республика бойынша ЖСН рәсімдеуге 13 мыңнан аса өтінім түсті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16380086_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_aebba4cc3f13453b8ac685261fd62521.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей азаматтары, халыққа қызмет көрсету орталығы
ресей азаматтары, халыққа қызмет көрсету орталығы
Шетелдіктерге ЖСН не үшін беріледі
Көрші елде ішінара мобилизация жарияланғалы бері ресейліктер Қазақстанға ағылуда. Көбі Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, ЖСН алуға тырысып жатыр
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы ұзын-сонар кезектің себебін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрліктің мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы Дәулет Бекмановтың айтуынша, қазір ресейліктер банк шоттарын ашу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезекте тұр.
"ЖСН екі мәселе үшін беріледі. Біріншісі Қазақстаннан жылжымайтын мүлік сатып алатын болса, екіншісі – банктен шот ашса. Қазір барлығы шот ашу үшін ЖСН алып жатыр. Өйткені біз күнде дүкенге барамыз, такси ақысын төлейміз. Сол үшін шот керек", - деп түсіндірді ол.
ЖСН бір рет беріледі. Оны Қазақстанға келген сайын рәсімдеудің қажеті жоқ. Сондай-ақ, оның айтуынша, шетелдіктерді әкімшілік жауапқа тарту үшін де ЖСН қажет.
"Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин жыл басынан бері ХҚКО-ларға ЖСН беру бойынша резидент емес тұлғалардан 320 мыңнан астам өтінім түскенін мәлімдеді. Соның ішінде 97 мың өтінім Ресей азаматтарынан қабылданған. Мәселен кеше, 26 қыркүйекте республика бойынша ЖСН рәсімдеуге 13 мыңнан аса өтінім түсті.