https://sputnik.kz/20220927/qazaqstan-biyl-da-ozin-astyqpen-tolyqtay-qamtamasyz-etti--smayylov-27962407.html
Қазақстан биыл да өзін астықпен толықтай қамтамасыз етті – Смайылов
Қазақстан биыл да өзін астықпен толықтай қамтамасыз етті – Смайылов
Sputnik Қазақстан
Өңірлерде егін орағы аяқталып қалды 27.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-27T12:10+0500
2022-09-27T12:10+0500
2022-09-27T12:10+0500
астық
https://sputnik.kz/img/07e5/09/07/18064731_0:74:3198:1873_1920x0_80_0_0_d1b0ad04d0e0a3f8acaccb9e43a1b23f.jpg
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Биыл Қазақстан 18 млн тоннадан астам астық жинауды жоспарлап отыр. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Үкімет басшысы егін орағы аяқталып қалғанын, биыл ауа райы қолайлы болғанын атап өтті. Түсім орташа жылдық көрсеткіштен жоғары болады деп күтілуде.Айтуынша, астықтың түсімі жылдағыдан 30%-ке жоғары. Былтыр орта есеппен гектарына 9,8 центнер өнім жиналса, биыл 13 центнерді құрап отыр."Бұл да болса – диқандарымыздың тынымсыз еңбегінің жемісі. Осы іске атсалысқан ауыл еңбеккерлерін мол өнім жинауымен құттықтап, қажырлы еңбегі үшін алғыс айтамыз", - деді ол.Сондай-ақ премьер ауыл шаруашылығы министрлігіне өңір әкімдерімен бірлесіп, астық жинау науқанын тез арада толық аяқтап, астықтың сапалы сақталуын және келесі жылға қажетті астық тұқымын толығымен қамтамасыз етуді тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/07/18064731_301:0:2897:1947_1920x0_80_0_0_d9f9e5b6ed75872e4515bb8b3b544017.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астық
Қазақстан биыл да өзін астықпен толықтай қамтамасыз етті – Смайылов
Өңірлерде егін орағы аяқталып қалды
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Биыл Қазақстан 18 млн тоннадан астам астық жинауды жоспарлап отыр. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет басшысы егін орағы аяқталып қалғанын, биыл ауа райы қолайлы болғанын атап өтті. Түсім орташа жылдық көрсеткіштен жоғары болады деп күтілуде.
"Жалпы 18 млн тоннадан астам астық жинау жоспарлануда. Ендігі міндет – өнімнің сапасын төмендетпей, дұрыс сақтау. Сонымен қатар ішкі сұранысқа және экспортқа қажетті астық көлемін нақты бөліп қою керек. Биыл да Қазақстан өзін астықпен толықтай қамтамасыз етті", - деді Смайылов үкімет отырысында.
Айтуынша, астықтың түсімі жылдағыдан 30%-ке жоғары. Былтыр орта есеппен гектарына 9,8 центнер өнім жиналса, биыл 13 центнерді құрап отыр.
"Бұл да болса – диқандарымыздың тынымсыз еңбегінің жемісі. Осы іске атсалысқан ауыл еңбеккерлерін мол өнім жинауымен құттықтап, қажырлы еңбегі үшін алғыс айтамыз", - деді ол.
Сондай-ақ премьер ауыл шаруашылығы министрлігіне өңір әкімдерімен бірлесіп, астық жинау науқанын тез арада толық аяқтап, астықтың сапалы сақталуын және келесі жылға қажетті астық тұқымын толығымен қамтамасыз етуді тапсырды.