сайлау - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Президент сайлауы - 2022
Қазақстанда 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Президент сайлауына 20,5 млрд теңге бөлінеді: қаржы министрлігі өтінімді мақұлдады

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. 20 қарашаға белгіленген кезектен тыс президент сайлауын өткізуге 20,5 миллиард теңге жұмсалады. Қаржы министрлігі Орталық сайлау комиссиясының өтінімін мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауын өткізуге үкіметтен 20,5 млрд теңге сұрағанын мәлімдеген еді.
Бүгін журналистер үкімет кулуарында қаржы министрінен ОСК-ның өтінімі мақұлданды ма деп сұрады.
"Иә, мақұлданды", деп қысқа қайырды Ерұлан Жамаубаев.
ОСК қаражаттың басым бөлігі сайлау комиссиялары мүшелерінің жалақысын төлеуге жұмсалатынын атап өтті. Сондай-ақ жарамсыз урналарды ауыстыруға, бюлеттень әзірлеуге де ақша қарастырылған.
Мәселен, 2019 жылы бір бюллетеньді әзірлеуге 11 теңге жұмсалса, қазіргі есептеулер бойынша оның құны 22 теңгеге дейін артқан.
Бұдан бөлек биыл ОСК тиісті санаттағы азаматтар үшін Брайль шрифті бар трафареттер әзірлеуді жоспарлап отыр. Ол әрбір сайлау учаскесінде болады.
Биыл кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. Президентікке кандидаттар ұсыну 23 қыркүйекте басталды.
ОСК ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2022
Президент сайлауы - 2022
Президент сайлауына әзірге кандидаттар жоқ – ОСК
Жаңалықтар
0