https://sputnik.kz/20220927/prezident-qazaqstannyn-syrtqy-sayasattagy-ustanymyn-aytty-27981277.html
Президент Қазақстанның сыртқы саясаттағы ұстанымын айтты
Президент Қазақстанның сыртқы саясаттағы ұстанымын айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Осындай аса күрделі геосаяси жағдайда Қазақстанның сыртқы саясаты мемлекеттігімізді одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға... 27.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-27T16:15+0500
2022-09-27T16:15+0500
2022-09-27T16:15+0500
президент
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1b/27980499_0:130:3180:1919_1920x0_80_0_0_12a9500e5e1cab6801a9393d6970b455.jpg
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Осындай аса күрделі геосаяси жағдайда Қазақстанның сыртқы саясаты мемлекеттігімізді одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған, деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент жұртшылығымен кездесуде.Президенттің сөзінше, біздің сыртқы саясатымыз бұрынғыдай теңгерімді, көпбағытты және конструктивті болады. "Қазақстан Ресеймен одақтастық қарым-қатынасты, Қытаймен мәңгілік стратегиялық серіктестікті, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан секілді бауырлас Орталық Азия мемлекеттерімен және Түркиямен жан-жақты ынтымақтастықты, сондай-ақ Азияда, Таяу Шығыс немесе Еуропа құрлығында болсын, әлемнің барлық мүдделі мемлекеттерімен өзара тиімді байланыстарды одан әрі дамытуға бар күш-жігерін жұмсайды. Мұндай сыртқы саясат халқымыздың мүддесіне сай келетініне сенімдімін", - деді Тоқаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1b/27980499_225:0:2956:2048_1920x0_80_0_0_d531783fac4a75ee8980ef0c1d0b2e7f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, қасым-жомарт тоқаев
президент, қасым-жомарт тоқаев
Президент Қазақстанның сыртқы саясаттағы ұстанымын айтты
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Осындай аса күрделі геосаяси жағдайда Қазақстанның сыртқы саясаты мемлекеттігімізді одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған, деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент жұртшылығымен кездесуде.
"Біздің халықаралық аренадағы қызметіміздің басты мақсаты – Қазақстанның және халқымыздың мүддесі. Халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының үстемдігі үшін күресеміз. Біз халықаралық қатынастарда әділеттілік, ішкі істерге араласпау, мемлекеттің егемендігі мен территориялық тұтастығын құрметтеу қағидаттарын нығайтуды аса маңызды деп санаймыз", - деді ол.
Президенттің сөзінше, біздің сыртқы саясатымыз бұрынғыдай теңгерімді, көпбағытты және конструктивті болады.
"Қазақстан Ресеймен одақтастық қарым-қатынасты, Қытаймен мәңгілік стратегиялық серіктестікті, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан секілді бауырлас Орталық Азия мемлекеттерімен және Түркиямен жан-жақты ынтымақтастықты, сондай-ақ Азияда, Таяу Шығыс немесе Еуропа құрлығында болсын, әлемнің барлық мүдделі мемлекеттерімен өзара тиімді байланыстарды одан әрі дамытуға бар күш-жігерін жұмсайды. Мұндай сыртқы саясат халқымыздың мүддесіне сай келетініне сенімдімін", - деді Тоқаев.