https://sputnik.kz/20220927/europadagy-dagdarystan-kim-payda-tauyp-otyr-28026959.html
Еуропадағы дағдарыстан кім пайда тауып отыр
Еуропадағы дағдарыстан кім пайда тауып отыр
Sputnik Қазақстан
Еуропада инфляция өсіп келеді. Электр энергиясы қымбаттады, артынан азық-түліктің бағасы да шарықтап кетті. Қарапайым халық ақшаны үнемдеуді бастады. Ал жеке... 27.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-27T18:34+0500
2022-09-27T18:34+0500
2022-10-03T09:34+0500
еуропа
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0e/26129980_0:45:1280:765_1920x0_80_0_0_35cb1fec15b58731e0204f040d966227.jpg
Еуропада инфляция өсіп келеді. Электр энергиясы қымбаттады, артынан азық-түліктің бағасы да шарықтап кетті. Қарапайым халық ақшаны үнемдеуді бастады. Ал жеке меншік компаниялар бизнесін жабуға мәжбүр. Еуропа одағы ұзақ рецессияға түсетін сияқты. Сарапшылардың ойынша, толқулар болуы да мүмкін, деп жазады РИА Новости.Еуростаттың мәліметіне сәйкес, тамыз айында нанның бағасы 18 процентке көтерілді. Әсіресе, Мажарстанда қымбатшылық барынша сезілді. Нанның бағасы 66 процентке өсті. Ал Латвия, Литва, Эстония мен Словакияда 30 процентке қымбаттап кетті.Батыс жағында жағдай біршама жақсы, мысалы, Францияда азық-түліктің бағасы 8 процентке көтерілді. Нидерланд пен Люксембургта 10 проценттік өсім тіркелді. Алайда одақтағы бай емес елдердің жағдайы қиын.Биыл украиндық астықтың көлемі де азайды, шамамен, 4,5 миллион тоннасы Қара теңіз порттарында тұрып қалды. Құрғақшылық та "жығылғанның үстіне жұдырық" болды. Ондай құрғақ ауа-райы 500 жылдан бері болмаған дейді. Шілде айында Еурокомиссия одаққа мүше елдердің жартысында өнімнің дұрыс шықпағанын мәлімдеді. Ирландияның шығысында, Италия, Мажарстан, Румыния, Молдавии мен Финляндияда жағдай қиын болып тұр.BitRiver сарапшсы Владислав Антоновтың айтуынша, Еуропалық одақ рестрикциямен, керісінше, өз жағдайын қиындатып жіберді."Биылғы құрғақшылықты ескерсек, жиналған өнімнің көлемі 15-20 процентке азаяды", - дейді Антонов.Үндістан да украиндық астықтың алмастыра алмайтын сияқты. Биыл ауа-райы қолайсыз болды. Қытай болса, астық дақылдарын көптеп сатып алуды көздейді. Себебі күзгі егіс науқаны болмай қалды."Сол себепті Еуропадағы нанның қымбатшылығы жалғаса береді", - деп атап көрсетті Антонов.Алайда мәселе табиғи катаклизмде ғана емес. Еуропалық одақ ресейлік газдан бас тартамыз деп, энергетикалық дағдарысқа тап болды. Бүгінде көгілдір отынның бағасы шарықтап тұр. Мың текше метрі үшін үш мың доллар асып кеткен кездері де болды.Еуропалықтар газды электр энергиясын шығару үшін пайдаланады. Ал шикізаттың бағасы көтерілгеннен кейін электр энергиясын бір жылға жеткізу бойынша фьючерстің бағасы тарихи рекордқа жетті. Германия мен Францияда мегаватт-сағаты үшін мың еуродан асып жығылады. Су электр станцияларының қуаты жеткіліксіз.Осылайша, шығындар артып келеді. Кәсіпорындар болса, тауарлардың бағасын көтеруге мәжбүр. Қарапайым халыққа ақша үнемдеуден басқа амал қалмады.Италиялық La Stampa газетінің хабарлауынша, нан қымбатшылығы толқуларға алып келуі мүмкін. Еуропалық одақтың азаматтары бұған дейін көшеге шығып, газ бен электр энергиясының тарифтерін ұстап тұруды талап еткен. Бірақ Еуропалық одақтың төрағасы Урсуле фон дер Ляйеннің сөзіне қарағанда, одақ тұрғындары Ресейге қарсы күрес жолында қиналуға дайын. Содан болар, Брюссель кеңселер мен қоғамдық орындарда температураның азайтқаннан басқа амал таппады. Ал адам көп отырмайтын ғимараттарды мүлдем жылытпауға шешім қабылданды.Брюссель жылуды үнемдейміз деп отырғанда Еуропа аймағында жылдық инфляция артып келеді. Шелде айында 9,8 процент болса, тамызда 10 проценттен асты. Алайда экономикалық жағдай тағы қиындап кетуі әбден мүмкін.Синоптиктер биылғы қыз суық болады деп отыр. Газ жеткізу жағынан қиындықтар бола ма, жоқ па, ол жағы да белгісіз. Биыл Ресейден Еуропаға тасымалданатын газдың көлемі 50 миллиард текше метрге азайған. Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметіне сәйкес, былтыр Еуропалық одақ 155 миллиард текше метр сатып алған. Демек, үштен бір бөлігі қысқартылып отыр.Bruegel сарапшылары энергетикалық дағдарыстың шығынын есептеп шығарған. Соған қарағанда қазірдің өзінде Еуропалық одақ, шамамен, жарты триллион еуродан қағылды. Одақ елдері халық пен кәсіпорындарды қолдау үшін 314 миллиардов еуро бөліп берген. Ал одақтан шығып кеткен Ұлыбритания 178 миллиард салыпты. Соның өзі жетпейтін сияқты. АҚШ қаржы министрі Джанет Йеллен биылғы қыс Еуропаға үшін өте ауыр болатынын мойындады.Американың жағдайы әлдеқайда жақсы. Вашингтон саяси одақтасына көмектесеміз деп отыр. Баламалы энергия көздерін тауып береміз дейді. Содан сұйытылған газын ұсынды. Биыл жарты жылдың ішінде осы шикізаттың жеткізу көлемі бірден 12 процентке өсті. Басым бөлігі Еуропалық одақ мен Ұлыбританияға жөнелтілді. Оған қоса, АҚШ мен Германия 2026 жылдан бастап ұзақмерзімді, атап айтқанда, 20 жылға келісімшарттар жасауға келісті. Қазіргі кезде ГФР-да сұйытылған газды қабылдау инфрақұрылымы жоқ. Алайда қажетті терминалдар жылдам салынып жатыр. Дегенмен, Ресейден құбыр арқылы келетін газды бірден сұйытылған газбен алмастыру оңай болмайды. Сол себепті көгілдір отының бағасы тағы өседі деген болжам бар. "Газпром" мамандары қыста мың текше метрі үшін төрт мың долларға дейін барады дейді.Қазіргі кезде болат, тыңайтқыштар және тағы басқа маңызды тауар шығаратын еуропалық компаниялар өз өндірісін АҚШ-ға ауыстыра бастады. "Американың экономикасы Еуропадағы энергетикалық дағдарыстан барынша пайда тапқандардың қатарына енді", — деп жазды The Wall Street Journal.Ал Deutsche Bank мамандары Еуропада ұзақ әрі терең рецессия болады деп божам жасады. Ішкі жалпы өнім 3 процентке төмендеп, келесі жылдың ортасына дейін сақталады.
еуропа
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0e/26129980_89:0:1196:830_1920x0_80_0_0_272d423b2e93a8c1bf3e015f945bb874.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еуропа
Еуропада инфляция өсіп келеді. Электр энергиясы қымбаттады, артынан азық-түліктің бағасы да шарықтап кетті. Қарапайым халық ақшаны үнемдеуді бастады. Ал жеке меншік компаниялар бизнесін жабуға мәжбүр. Еуропа одағы ұзақ рецессияға түсетін сияқты. Сарапшылардың ойынша, толқулар болуы да мүмкін, деп жазады
РИА Новости.Еуростаттың мәліметіне сәйкес, тамыз айында нанның бағасы 18 процентке көтерілді. Әсіресе, Мажарстанда қымбатшылық барынша сезілді. Нанның бағасы 66 процентке өсті. Ал Латвия, Литва, Эстония мен Словакияда 30 процентке қымбаттап кетті.
Батыс жағында жағдай біршама жақсы, мысалы, Францияда азық-түліктің бағасы 8 процентке көтерілді. Нидерланд пен Люксембургта 10 проценттік өсім тіркелді. Алайда одақтағы бай емес елдердің жағдайы қиын.
Биыл украиндық астықтың көлемі де азайды, шамамен, 4,5 миллион тоннасы Қара теңіз порттарында тұрып қалды. Құрғақшылық та "жығылғанның үстіне жұдырық" болды. Ондай құрғақ ауа-райы 500 жылдан бері болмаған дейді. Шілде айында Еурокомиссия одаққа мүше елдердің жартысында өнімнің дұрыс шықпағанын мәлімдеді. Ирландияның шығысында, Италия, Мажарстан, Румыния, Молдавии мен Финляндияда жағдай қиын болып тұр.
BitRiver сарапшсы Владислав Антоновтың айтуынша, Еуропалық одақ рестрикциямен, керісінше, өз жағдайын қиындатып жіберді.
"Биылғы құрғақшылықты ескерсек, жиналған өнімнің көлемі 15-20 процентке азаяды", - дейді Антонов.
Үндістан да украиндық астықтың алмастыра алмайтын сияқты. Биыл ауа-райы қолайсыз болды. Қытай болса, астық дақылдарын көптеп сатып алуды көздейді. Себебі күзгі егіс науқаны болмай қалды.
"Сол себепті Еуропадағы нанның қымбатшылығы жалғаса береді", - деп атап көрсетті Антонов.
Алайда мәселе табиғи катаклизмде ғана емес. Еуропалық одақ ресейлік газдан бас тартамыз деп, энергетикалық дағдарысқа тап болды. Бүгінде көгілдір отынның бағасы шарықтап тұр. Мың текше метрі үшін үш мың доллар асып кеткен кездері де болды.
Еуропалықтар газды электр энергиясын шығару үшін пайдаланады. Ал шикізаттың бағасы көтерілгеннен кейін электр энергиясын бір жылға жеткізу бойынша фьючерстің бағасы тарихи рекордқа жетті. Германия мен Францияда мегаватт-сағаты үшін мың еуродан асып жығылады. Су электр станцияларының қуаты жеткіліксіз.
Осылайша, шығындар артып келеді. Кәсіпорындар болса, тауарлардың бағасын көтеруге мәжбүр. Қарапайым халыққа ақша үнемдеуден басқа амал қалмады.
Италиялық La Stampa газетінің хабарлауынша, нан қымбатшылығы толқуларға алып келуі мүмкін. Еуропалық одақтың азаматтары бұған дейін көшеге шығып, газ бен электр энергиясының тарифтерін ұстап тұруды талап еткен. Бірақ Еуропалық одақтың төрағасы Урсуле фон дер Ляйеннің сөзіне қарағанда, одақ тұрғындары Ресейге қарсы күрес жолында қиналуға дайын. Содан болар, Брюссель кеңселер мен қоғамдық орындарда температураның азайтқаннан басқа амал таппады. Ал адам көп отырмайтын ғимараттарды мүлдем жылытпауға шешім қабылданды.
Брюссель жылуды үнемдейміз деп отырғанда Еуропа аймағында жылдық инфляция артып келеді. Шелде айында 9,8 процент болса, тамызда 10 проценттен асты. Алайда экономикалық жағдай тағы қиындап кетуі әбден мүмкін.
Синоптиктер биылғы қыз суық болады деп отыр. Газ жеткізу жағынан қиындықтар бола ма, жоқ па, ол жағы да белгісіз. Биыл Ресейден Еуропаға тасымалданатын газдың көлемі 50 миллиард текше метрге азайған. Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметіне сәйкес, былтыр Еуропалық одақ 155 миллиард текше метр сатып алған. Демек, үштен бір бөлігі қысқартылып отыр.
Bruegel сарапшылары энергетикалық дағдарыстың шығынын есептеп шығарған. Соған қарағанда қазірдің өзінде Еуропалық одақ, шамамен, жарты триллион еуродан қағылды. Одақ елдері халық пен кәсіпорындарды қолдау үшін 314 миллиардов еуро бөліп берген. Ал одақтан шығып кеткен Ұлыбритания 178 миллиард салыпты. Соның өзі жетпейтін сияқты. АҚШ қаржы министрі Джанет Йеллен биылғы қыс Еуропаға үшін өте ауыр болатынын мойындады.
Американың жағдайы әлдеқайда жақсы. Вашингтон саяси одақтасына көмектесеміз деп отыр. Баламалы энергия көздерін тауып береміз дейді. Содан сұйытылған газын ұсынды. Биыл жарты жылдың ішінде осы шикізаттың жеткізу көлемі бірден 12 процентке өсті. Басым бөлігі Еуропалық одақ мен Ұлыбританияға жөнелтілді. Оған қоса, АҚШ мен Германия 2026 жылдан бастап ұзақмерзімді, атап айтқанда, 20 жылға келісімшарттар жасауға келісті. Қазіргі кезде ГФР-да сұйытылған газды қабылдау инфрақұрылымы жоқ. Алайда қажетті терминалдар жылдам салынып жатыр. Дегенмен, Ресейден құбыр арқылы келетін газды бірден сұйытылған газбен алмастыру оңай болмайды. Сол себепті көгілдір отының бағасы тағы өседі деген болжам бар. "Газпром" мамандары қыста мың текше метрі үшін төрт мың долларға дейін барады дейді.
Қазіргі кезде болат, тыңайтқыштар және тағы басқа маңызды тауар шығаратын еуропалық компаниялар өз өндірісін АҚШ-ға ауыстыра бастады. "Американың экономикасы Еуропадағы энергетикалық дағдарыстан барынша пайда тапқандардың қатарына енді", — деп жазды The Wall Street Journal.
Ал Deutsche Bank мамандары Еуропада ұзақ әрі терең рецессия болады деп божам жасады. Ішкі жалпы өнім 3 процентке төмендеп, келесі жылдың ортасына дейін сақталады.