https://sputnik.kz/20220927/askerden-qashqandar-eline-qaytaryla-ma--ishki-ister-ministri-zhauap-berdi-27970842.html
Мобилизациядан жалтарғандар еліне қайтарыла ма – ішкі істер министрі жауап берді
Мобилизациядан жалтарғандар еліне қайтарыла ма – ішкі істер министрі жауап берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов әскерден жалтарған ресейліктерді еліне қайтаруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды... 27.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-27T13:56+0500
2022-09-27T13:56+0500
2022-09-27T14:17+0500
ішкі істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/661/38/6613874_0:193:3681:2263_1920x0_80_0_0_cf287f4d9ef0b342663f1150792a62a8.jpg
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов әскерден жалтарған ресейліктерді еліне қайтаруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазіргі кезде Қазақстан мен Ресей арасында қылмыскерлерді экстрадициялау, сотталған азаматтармен алмасу және құқықтық көмек бойынша келісімшарттар бар. Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, экстрадиция тек қылмыстық істер үшін ғана жасалады.Оның айтуынша, әскерден қашқаны үшін қылмыстық іс қозғалмаса, экстрадиция жасалмайды."Мәселе мобилизацияда емес, мен тіркелген, санкция берілген және халықаралық іздеуге салынған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы айтып отырмын. Ал әскери комиссариат іздейтін болса, бұл адамды беруге құқықтық негіз бола алмайды", - деп атап өтті Ахметжанов.Айта кетері, көрші елде ішінара мобилизация жарияланған сәттен бастап Қазақстанға 98 мыңға жуық ресейлік кірген. Ал шығып кеткен ресейліктердің саны 64 234 адамды құрап отыр. 21 қыркүйектен бері 8 мың резидент емес адам жеке сәйкестендіру нөмірім алған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/661/38/6613874_202:0:3477:2456_1920x0_80_0_0_9fc9ae28463f2688423be58320c5f4fd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ішкі істер министрлігі
Мобилизациядан жалтарғандар еліне қайтарыла ма – ішкі істер министрі жауап берді
13:56 27.09.2022 (жаңартылды: 14:17 27.09.2022) АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов әскерден жалтарған ресейліктерді еліне қайтаруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды S
putnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде Қазақстан мен Ресей арасында қылмыскерлерді экстрадициялау, сотталған азаматтармен алмасу және құқықтық көмек бойынша келісімшарттар бар. Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, экстрадиция тек қылмыстық істер үшін ғана жасалады.
"Сосын адамға іздеу салынса, біз оны анықтап, Ресейге экстрадиция тәртібімен береміз. Бірақ қылмыстық әрекет болған жағдайда ғана экстрадиция жасалады. Бүгінде ондай шаралар Минск конвенциясы және құқықтық көмек аясында атқарылып жатыр", - деді Ахметжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, әскерден қашқаны үшін қылмыстық іс қозғалмаса, экстрадиция жасалмайды.
"Мәселе мобилизацияда емес, мен тіркелген, санкция берілген және халықаралық іздеуге салынған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы айтып отырмын. Ал әскери комиссариат іздейтін болса, бұл адамды беруге құқықтық негіз бола алмайды", - деп атап өтті Ахметжанов.
Айта кетері, көрші елде ішінара мобилизация жарияланған сәттен бастап Қазақстанға 98 мыңға жуық ресейлік кірген. Ал шығып кеткен ресейліктердің саны 64 234 адамды құрап отыр. 21 қыркүйектен бері 8 мың резидент емес адам жеке сәйкестендіру нөмірім алған.