https://sputnik.kz/20220927/aqan-sataev-qazaqfilm-basshylygynan-ketti-27986872.html
Ақан Сатаев "Қазақфильм" басшылығынан кетті
Ақан Сатаев "Қазақфильм" басшылығынан кетті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Ақан Сатаев Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ президенті қызметінен кетті. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев... 27.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-27T17:35+0500
2022-09-27T17:35+0500
2022-09-27T17:35+0500
ақан сатаев
қазақфильм
https://sputnik.kz/img/1162/34/11623480_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_9d5974779d16a89f7956852a4e3b05f6.jpg
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Ақан Сатаев Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ президенті қызметінен кетті. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды."Қымбатты достар, бұл жазбамда талантты әрі табысты режиссер Ақан Сатаевқа "Қазақфильм" АҚ президенті ретінде жемісті еңбегі үшін үлкен алғыс білдіргім келеді. Бүгін Ақан Қарғамбайұлы аңызға айналған киностудияның басшысы қызметінен өз еркімен кетті. Оның алдағы шығармашылық жолы біздің кинематографымыздың дамуына үлес қосатын маңызды жобалармен толығатынына сенімдімін", - деп жазды министр.Естеріңізге сала кетейік, Режиссер Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті болып 2020 жылдың шілде айында тағайындалған еді.Ақан Сатаев туралы не білемізАқан Қарғамбайұлы Сатаев 1971 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.1994 жылы Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және телевидение факультетін тəмамадаған.2003 жылы "Sataifilm" студиясының негізін қалап, 2007 жылы "Рэкетир" атты алғашқы толықметражды фильмін, "Адасқан" мистикалық триллерін (2009), "Ағайынды" сериалын (2009), "Ликвидатор" психологиялық драмасын (2011), "Жаужүрек Мың бала" тарихи фильмін (2012) түсірген. Сондай-ақ "Районы" криминалдық драмасы мен "Анаға апарар жол" тарихи драмасының (2016), "Бизнесмены" (2018), "Томирис" (2019) жəне тағы басқа туындылардың режиссері.2014 жылы киноиндустрия саласының үздік өкілі ретінде "Халық сүйіктісі" ұлттық сыйлығына ие болды.2016 жылы жас режиссерлерді қолдауға бағытталған Astana Film Found қорының негізін қалаған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1162/34/11623480_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_42e47e51837c3151e3fd78b6b1269875.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақан сатаев, қазақфильм
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Ақан Сатаев Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ президенті қызметінен кетті. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Қымбатты достар, бұл жазбамда талантты әрі табысты режиссер Ақан Сатаевқа "Қазақфильм" АҚ президенті ретінде жемісті еңбегі үшін үлкен алғыс білдіргім келеді. Бүгін Ақан Қарғамбайұлы аңызға айналған киностудияның басшысы қызметінен өз еркімен кетті. Оның алдағы шығармашылық жолы біздің кинематографымыздың дамуына үлес қосатын маңызды жобалармен толығатынына сенімдімін", - деп жазды министр.
Естеріңізге сала кетейік, Режиссер Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті болып 2020 жылдың шілде айында тағайындалған еді.
Ақан Сатаев туралы не білеміз
Ақан Қарғамбайұлы Сатаев 1971 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.
1994 жылы Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және телевидение факультетін тəмамадаған.
2003 жылы "Sataifilm" студиясының негізін қалап, 2007 жылы "Рэкетир" атты алғашқы толықметражды фильмін, "Адасқан" мистикалық триллерін (2009), "Ағайынды" сериалын (2009), "Ликвидатор" психологиялық драмасын (2011), "Жаужүрек Мың бала" тарихи фильмін (2012) түсірген. Сондай-ақ "Районы" криминалдық драмасы мен "Анаға апарар жол" тарихи драмасының (2016), "Бизнесмены" (2018), "Томирис" (2019) жəне тағы басқа туындылардың режиссері.
2014 жылы киноиндустрия саласының үздік өкілі ретінде "Халық сүйіктісі" ұлттық сыйлығына ие болды.
2016 жылы жас режиссерлерді қолдауға бағытталған Astana Film Found қорының негізін қалаған.