Ресей өз ресурстарын "демократиялық емес жолмен" басқарғаны үшін жазаға ұшырады

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуВиды Москвы
Виды Москвы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2022
Жазылу
Жаңа тарихтағы танымал мифтердің біріне сүйенсек, 90-жылдары Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Америкамен үлкен достық басталған екен. Вашингтон Ресейді қауіпсіз мемлекеттер қатарына қосты. Тіпті, дамуға да, жаһандану үдерістеріне қатысуға да рұқсат берген. Бірақ артынан Ресейдің тәртібі өшпенділікбұзылып кетті. Грузияны келісімге көндірді, Қырымды алып қойды. Артынан Донбассқа кірді. Содан америкалықтар ашуланып, Ресейді "жазалауға" кірісті, деп жазады РИА Новости.
Алайда Ресейге деген өшпенділік бұрыннан бері бар, оны құжатпен де бекітіп қойған. Мәселен, биыл Вулфовиц доктринасына 30 жыл толып отыр. 1992 жылы осы құжаттың үзінділері алғаш рет жариялана бастады. КСРО ыдырағаннан бері үш ай өтсе де, Пентагон мен Мемлекеттік департаменттің белді өкілі Пол Вулфовец Ресей Федерациясын АҚШ –тың басты қауіп-қатері деп атады. Американың әкімшілігін қырғи қабақ соғыстан кейін босаңсуға болмайтынын қайта-қайта айтты. Ал өз алаңдаушылығын бір ауыз сөзбен түсіндірген. Одақ ыдырағаннан кейін Ресей әлсіресе де, әлемде стратегиялық ядролық қару-жарақтың ең ірі қорына ие болып қалды. Онымен АҚШ-ты жойып тастауға болатын еді. Демек, Ресейдің күшеюіне жол бермеу керек, оны Вашигтонның ықпалынан шығаруға болмайды.
Вулфовиц америкалықтар үшін жаудың жаңа образын ойлап тапты. Ал коммунистік идея ыдырағаннан кейін ондай қажеттілік болды. Вулфовец "АҚШ үшін әлемнің кез келген аса маңызды аймағында ресурстарды демократиялық емес жолмен бақылайтын" мемлекетті бәсекелес ретінде тануды ұсынды. "Демократиялық емес жолмен бақылайды" дегеніміз, табиғи байлығын өзі басқаратын, кімге сататынын өзі білетін және Вашингтонмен ақылдаспайтын мемлекеттің әрекеті сондай екен. Доктрина авторы "АҚШ үшін әлемнің аса маңызды аймақтарына" жер-жаһанның бәрін қосып жіберіпті. Африка мен Антарктиданы ғана алмаған сияқты. Осылайша, АҚШ-пен бәсекелесе алатын кез келген мемлекет жауға айналады. Ондай елге шабуыл жасап, барынша әлсірету керек.
Вулфовицтің доктринасына талай рет өзгеріс енгізілді. Өйткені автордың "кедейшіліктен құтылған және өзінің тәуелсіз саясатын жүргізетін мемлекетті бомбалау қажет" деген ойы анық көрінді. Содан америкалықы гегемонияны "демократия", ал америкалық агрессияны "ұжымдық қауіпсіздік" деп атады. Доктринаның өзі "қорғаныс құжаты" мәртебесіне ие болды.
Осылайша, Вашингтон қорғаныс доктринасын түзеткеннен кейін оның негізгі ережелерін орындауға кірісті. Халықаралық ұйымдарды бақылауына алды. Жылдар бойы жасалған келісімдерді бұзып, өз ықпалын жүргізе бастады. Мысалы, Вулфовицтің өзі бірнеше жыл Дүниежүзілік банкті басқарды. Ол жерде бас дауға қалып кетті. Бірақ орнына басқа америкалық - Goldman Sachs-тан Роберт Зеллик келді.
АҚШ НАТО-ға біраз елді тығып тастады. Жергілікті халықтың пікіріне құлақ асқан да жоқ. Украинаның Қарулы күштерін де "демократиялық бақылауға" алды. Вулфовиц осыны сонау 1992 жылы талап еткен.
11 қыркүйекте болған лаңкестік әрекеттен кейін Вулфовицтің тұжырымдамасын кіші Буштың доктринасымен толықтырды. Оған сәйкес, АҚШ өзіне қауіп төндіретін кез келген елге алды ала соққы жасай алады. Ең сорақысы сол, азды-көпті дамыған кез келген мемлекет "қауіп-қатерге" теңестірілді. Кезінде Ливия, Ирак мен Югославия да тұрақты елдер болған. Олар да дамуға бет алды. Бірақ арты не болғанын бәріміз жақсы білеміз. Сирия да америкалық "демократияландырудың" құрбаны болып қала жаздаған. Америка барлық шабуылдарын ашық көрсетті. Басқалар көрсін, АҚШ-тың басып кіруінен қорықсын деді. Ал негізгі адресаты Мәскеу болған.
2000 жылдардың басында билікке Путин келгенде Ресей парадокс жағдайға тап болды. Бір жағынан елді қалпына келтіру мен шаруашылықты көтеру міндеті тұрды. Жылдам даму үшін ресурстарды бақылауға қайтару қажет. Әлбетте, ондай қадамдар америкалықтарға ұнамайды. Ал, екінші жағынан, Америкаға бәсекелес ретінде көрінбеу керек. Әйтпесе, шабуылынан құтыла алмайсың.
Бірақ 2014 жылдан бастап Ресейдің "тәртіпке бағынбай кеткені" анық көріне бастады. Грузияны келісім жасауға көндірді. Оған америкалық әскерилер де көмектесе алмады. Артынан Қырымды қосып алды. Донбасқа көмектесті.
2017 жылы америкалық сарапшылар "Путиннің демократияға жасаған ассиметриялы шабуылы" баяндамасын әзірлеген болатын. 2018 жылы оны АҚШ сенатының халықаралық қарым-қатынастар комитетінде талқылады. Осы құжатта Ресейдің барлық кінәсі жазылған. Алдымен осы мемлекет демократиялық емес жолмен өз ресурстарын басқарады екен. Кімге және қалай сататынын өзі шешеді. Армиясын көтеріп алды. Посткеңестік елдердің ішінде мықты мемлекетке айналды. Еуропада және әлемде өз мүддесін сәтті қорғап жүр. Осылайша, Ресей басқаларға үлгі болып жатыр екен. Вашингтонға бағынбауға да болатынын түсінеді. Ал оған жол беруге болмайды.
Жаңалықтар
0