https://sputnik.kz/20220926/qyrgyzstan-men-tazhikstan-qaqtygys-oryndaryndagy-shekara-beketterin-alyp-tastauga-kelisti-27854015.html
Қырғызстан мен Тәжікстан қақтығыс орындарындағы шекара бекеттерін алып тастауға келісті
Қырғызстан мен Тәжікстан қақтығыс орындарындағы шекара бекеттерін алып тастауға келісті
Sputnik Қазақстан
Қақтығыс ошағы болған бекеттерді жауып, олардың аумағынан әскерилерді және бейбіт тұрғындарды әкету жоспарланып отыр 26.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-26T07:00+0500
2022-09-26T07:00+0500
2022-09-26T07:00+0500
шекара бекеті
қырғызстан
тәжікстан
https://sputnik.kz/img/07e6/09/19/27852302_0:0:2670:1503_1920x0_80_0_0_4dd0579ca78e2b376c5a875a6642e3c7.jpg
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Қырғызстан мен Тәжікстанның арнайы қызмет басшылары қақтығыстарды тоқтату туралы хаттамаға қол қойды, деп хабарлады жексенбі күні Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев."Тәжік тарапымен қақтығысты тоқтату және қақтығыстың салдары туралы хаттамаға қол қойылды. Құжаттың барлық тармағы орындалады деп үміттенемін", - деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы.Оның айтуынша, қақтығыс кезінде көшірілген шекаралық ауылдардың тұрғындары үйіне қайтады."Бүгіннен бастап шекарада тыныштық орнайды", - деді Ташиев.Сонымен қатар келісім аясында қақтығыс жиі болатын орындардағы 8 шекара бекеті – қырғыз тарапынан Тамдық, Бұлақ-Башы, Катта Тұз және Дача пункттері, Тәжікстан тарапынан Бидок, Кег, Кара Чикум және Шаршене шекаралық бекеттері алынып тасталуға тиіс.Бұл пункттерде әскерилер де, бейбіт тұрғындар да болмайды, деп атап өтті Ташиев.Оның айтуынша, келіссөздер барысында тараптар қырғыз-тәжік шекарасын делимитациялау және демаркациялау жұмыстарын жеделдету туралы келісті.
қырғызстан
тәжікстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/19/27852302_0:0:2670:2003_1920x0_80_0_0_d91b0bc761b66c4a03ecda8499558b40.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шекара бекеті, қырғызстан, тәжікстан
шекара бекеті, қырғызстан, тәжікстан
Қырғызстан мен Тәжікстан қақтығыс орындарындағы шекара бекеттерін алып тастауға келісті
Қақтығыс ошағы болған бекеттерді жауып, олардың аумағынан әскерилерді және бейбіт тұрғындарды әкету жоспарланып отыр
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Қырғызстан мен Тәжікстанның арнайы қызмет басшылары қақтығыстарды тоқтату туралы хаттамаға қол қойды, деп хабарлады жексенбі күні Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев.
"Тәжік тарапымен қақтығысты тоқтату және қақтығыстың салдары туралы хаттамаға қол қойылды. Құжаттың барлық тармағы орындалады деп үміттенемін", - деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы.
Оның айтуынша, қақтығыс кезінде көшірілген шекаралық ауылдардың тұрғындары үйіне қайтады.
"Бүгіннен бастап шекарада тыныштық орнайды", - деді Ташиев.
Сонымен қатар келісім аясында қақтығыс жиі болатын орындардағы 8 шекара бекеті – қырғыз тарапынан Тамдық, Бұлақ-Башы, Катта Тұз және Дача пункттері, Тәжікстан тарапынан Бидок, Кег, Кара Чикум және Шаршене шекаралық бекеттері алынып тасталуға тиіс.
Бұл пункттерде әскерилер де, бейбіт тұрғындар да болмайды, деп атап өтті Ташиев.
Оның айтуынша, келіссөздер барысында тараптар қырғыз-тәжік шекарасын делимитациялау және демаркациялау жұмыстарын жеделдету туралы келісті.