Қазақстанда 31 мыңнан астам ресейлік жұмыс істейді – еңбек министрі

© РИА Новости / Медиабанкке өту Архивное фото
 Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанға келіп жатқан Ресей азаматтары елдің еңбек нарығына қатты әсер етіп жатқан жоқ. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, еңбек министрлігі елге жұмыс іздеп келетін шетелдіктер санына күн сайын мониторинг жүргізілетінін атап өтті.
"Жыл басынан бері Қазақстанға Ресейден 262 мың адам келген. Оның ішінде 6518-і елге кірудегі мақсаты жұмысқа орналасу екенін көрсетті", - деді Дүйсенова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Қазақстанда қазір 8,7 млн азамат жұмыс істейді. Биыл шетелдік жұмысшыларды тартуға квота 28 мыңға адамға берілді, оның тек 15 мыңы ғана істеп жүр. Ал ЕАЭО елдерінің азаматтарына квота қажет емес. Олар Қазақстанға емін-еркін келіп-кетіп, еңбек ете алады, деп жалғастырды сөзін ведомство басшысы.
"Қазір Қазақстанда Ресейдің 25 301 азаматы жұмыс істейді. Жаңадан келгендерді есепке алсақ, қазір республика аумағында жүрген және елге келу мақсаты – жұмысқа орналасу деп көрсеткен шамамен 31 мың адам бар", - деді Дүйсенова.
Министр Қазақстанға кіріп жатқан ресейліктер еңбек нарығына қатты әсер етіп жатпағанын, үкімет, ең алдымен, қазақстандық жастарды жұмысқа орналастыруға басымдық беретінін атап өтті.
"Егер азаматтар тым көп келіп, ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төнсе, біз қосымша шаралар қабылдаймыз", - деп сендірді министр.
Жаңалықтар
0