Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында әуе рейстері артады

© Sputnik / Владислав ВодневСамолет в небе
Самолет в небе - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қажылық және умра министрі Тауфик бен Фаузан бин Мухаммад Аль-Рабиа бастаған Сауд Арабиясының делегациясымен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы әуе тасымалын одан әрмен арттыру және ұшу географиясын кеңейту тұрғысында келіссөздер жүргізді. Министр Қайырбек Өскенбаев Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы авиация саласындағы ынтымақтастық артып келе жатқандығын баяндады.
"2015 жылдан бастап отандық "SCAT" және саударабиялық "Fly Nas" авиакомпаниялары қажылық сапарға аттанғандар үшін тікелей әуе тасымалын орындауда. Өткен жылы Сауд Арабия тарапы қажылыққа баруға ниет еткен қазақстандықтар үшін 4 мың квота бөлді. Бес парыздың бірін орындаушыларды тасымалдау кезінде Медина және Джиддаға Астана, Алматы, Шымкент және Ақтаудан 19 рейс ұйымдастырылды", – деп атап өтті ведомство басшысы.
Жаңалықтар
0