"Петропавлда Ресей азаматтары госпитальге орналастырылып жатыр": әкімдік пікір білдірді

© Sputnik / Елена БережнаяМодульная инфекционная больница в Петропавловске
Модульная инфекционная больница в Петропавловске - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Әлеуметтік желіде және мессенджерлерде Петропавлда Ресей Федерациясынан келген адамдарды COVID-19 жұқтырғандарға арналған госпитальге орналастырып жатқандығы туралы ақпарат тарады. Бұл шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды stopfake.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Бұл фейк", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі де бұл хабарлама жалған деп мәлімдеді.
"Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл мәселе СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бақылауында", – делінген министрліктің хабарламасында.
Жаңалықтар
0