https://sputnik.kz/20220926/pater-zhaldau-qymbattap-ketti-ministr-memleket-tarapynan-retteudi-usyndy-27943900.html
Пәтер жалдау қымбаттап кетті: министр мемлекет тарапынан реттеуді ұсынды
Пәтер жалдау қымбаттап кетті: министр мемлекет тарапынан реттеуді ұсынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ресейліктердің Қазақстанға ағылуына байланысты пәтер жалдау... 26.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-26T16:41+0500
2022-09-26T16:41+0500
2022-09-26T16:41+0500
пәтер
баға
https://sputnik.kz/img/665/23/6652377_0:191:2961:1857_1920x0_80_0_0_5a0ada4fc461e0a0e6e93f2e994c58e5.jpg
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ресейліктердің Қазақстанға ағылуына байланысты пәтер жалдау ақысының әжептәуір өсуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер министрден жалға берілетін үйлер нарығы мемлекет тарапынан реттелуі қажет пе деп сұрады. "Бізде аренда нарығы соңына дейін реттелмеген. Көлеңкелі тұсы көп. Қазір осы мәселеге қатысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне тапсырма берілді. Жақын арада олар өз ұсыныстарын айтады деп ойлаймын. Менің жеке пікірім – бұл реттелуге тиіс. Баспананы жалға берушілердің де, пәтер жалдайтындардың да мүддесі қорғалуы керек", - деп санайды Дүйсенова. Министр реттеу нақты бір баға белгілеу дегенді білдірмейтінін атап өтті. "Қанша пәтер жалға берілетінін біліп отыру үшін реестр жасау, бұл адамдар салық төлей ме, олардың мүддесін қаншалықты қорғау қажет. Міне, нарықты осы тұрғыдан реттеу қажет екенін айтып отырмын", - деді ведомство басшысы. Айта кетері, әлеуметтік желіде қазақстандықтар Ресей азаматтарының елге көптеп келуіне байланысты пәтер бағасы шарықтап кеткеніне шағымданып жатыр. Үлкен қалаларда бір бөлмелі пәтерді жалға алу құны 500 мың теңгеге дейін өскен.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/665/23/6652377_115:0:2846:2048_1920x0_80_0_0_79a1fee26e24ca1a2cb3ddc98c62f2a5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пәтер, баға
Пәтер жалдау қымбаттап кетті: министр мемлекет тарапынан реттеуді ұсынды
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ресейліктердің Қазақстанға ағылуына байланысты пәтер жалдау ақысының әжептәуір өсуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер министрден жалға берілетін үйлер нарығы мемлекет тарапынан реттелуі қажет пе деп сұрады.
"Бізде аренда нарығы соңына дейін реттелмеген. Көлеңкелі тұсы көп. Қазір осы мәселеге қатысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне тапсырма берілді. Жақын арада олар өз ұсыныстарын айтады деп ойлаймын. Менің жеке пікірім – бұл реттелуге тиіс. Баспананы жалға берушілердің де, пәтер жалдайтындардың да мүддесі қорғалуы керек", - деп санайды Дүйсенова.
Министр реттеу нақты бір баға белгілеу дегенді білдірмейтінін атап өтті.
"Қанша пәтер жалға берілетінін біліп отыру үшін реестр жасау, бұл адамдар салық төлей ме, олардың мүддесін қаншалықты қорғау қажет. Міне, нарықты осы тұрғыдан реттеу қажет екенін айтып отырмын", - деді ведомство басшысы.
Айта кетері, әлеуметтік желіде қазақстандықтар Ресей азаматтарының елге көптеп келуіне байланысты пәтер бағасы шарықтап кеткеніне шағымданып жатыр. Үлкен қалаларда бір бөлмелі пәтерді жалға алу құны 500 мың теңгеге дейін өскен.