https://sputnik.kz/20220926/onlayn-alfons-ozine-gashyq-aqtobe-turgynyn-36-mln-tengege-aldady-27948868.html
Онлайн-альфонс өзіне ғашық Ақтөбе тұрғынын 36 млн теңгеге алдады
Онлайн-альфонс өзіне ғашық Ақтөбе тұрғынын 36 млн теңгеге алдады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Онлайн-альфонс зейнеткерді 36 млн теңгеге алдады, деп хабарлайды Polisia.kz. 26.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-26T20:49+0500
2022-09-26T20:49+0500
2022-09-26T20:49+0500
ақтөбе облысы
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e4/09/11/14979889_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_25208b3dddf292b370d514f6e04b470f.jpg
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Онлайн-альфонс зейнеткерді 36 млн теңгеге алдады, деп хабарлайды Polisia.kz. 22 қыркүйекте Ақтөбе қаласының Полиция басқармасына 65 жастағы әйелден арыз түсті. Өз мәлімдемесінде ол әлеуметтік желіден танысқан алаяқтың құрбаны болғанын мәлімдеді. Ер адам өзін АҚШ азаматы ретінде таныстырып, жәбірленішуге сыйлық пен ақша жіберемін деп мекенжайы мен толық аты-жөнін сұраған. Ал сәлемдемені жіберу үшін кедендік БАЖ салығын төлеу керектігін айтып, есеп айырысу шотына ақша аударуды сұраған. Сонымен қатар, “күйеу жігіт” зейнетке шыққаннан кейін Қазақстанға көшуге ниетті екеніне сендірген. Жәбірлеуші әйел пәтерін сатып, шоттағы 36 млн теңгеден астам қаражатты алаяққа аударып жіберген. Осы дерек бойынша алдын ала тергеу басталды. Полиция департаменті желідегі ақпаратқа сыни қарауға және мүмкіндігінше фактілерді тексеруге шақырады. Киберқылмыскерлер бұл туралы біледі, себебі олар “декорацияны” жақсы қолданады. Яғни өздерін іздеу жүйесіне енгізгенде шын адам есебінде тіркейді. Нақтырақ айтқанда өздерін жасыру мақсатында дәрігерлер, нотариустар немесе әскери қызметшілердің суреттері мен есімдері жиі қолданылады. Күдіктіге он бес жылдан жиырма жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкіндігі және мүлкі тәркілену қаупі бар екендігі ескеріледі.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/11/14979889_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_67f09b5fe1dd96348e9674032c266714.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, алаяқтық
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Онлайн-альфонс зейнеткерді 36 млн теңгеге алдады, деп хабарлайды Polisia.kz.
22 қыркүйекте Ақтөбе қаласының Полиция басқармасына 65 жастағы әйелден арыз түсті. Өз мәлімдемесінде ол әлеуметтік желіден танысқан алаяқтың құрбаны болғанын мәлімдеді. Ер адам өзін АҚШ азаматы ретінде таныстырып, жәбірленішуге сыйлық пен ақша жіберемін деп мекенжайы мен толық аты-жөнін сұраған.
Ал сәлемдемені жіберу үшін кедендік БАЖ салығын төлеу керектігін айтып, есеп айырысу шотына ақша аударуды сұраған. Сонымен қатар, “күйеу жігіт” зейнетке шыққаннан кейін Қазақстанға көшуге ниетті екеніне сендірген. Жәбірлеуші әйел пәтерін сатып, шоттағы 36 млн теңгеден астам қаражатты алаяққа аударып жіберген. Осы дерек бойынша алдын ала тергеу басталды.
Полиция департаменті желідегі ақпаратқа сыни қарауға және мүмкіндігінше фактілерді тексеруге шақырады. Киберқылмыскерлер бұл туралы біледі, себебі олар “декорацияны” жақсы қолданады. Яғни өздерін іздеу жүйесіне енгізгенде шын адам есебінде тіркейді. Нақтырақ айтқанда өздерін жасыру мақсатында дәрігерлер, нотариустар немесе әскери қызметшілердің суреттері мен есімдері жиі қолданылады.
Күдіктіге он бес жылдан жиырма жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкіндігі және мүлкі тәркілену қаупі бар екендігі ескеріледі.