Этникалық қазақтарға "қазақ картасы" беріле бастайды
15:15 26.09.2022 (жаңартылды: 12:30 09.08.2023)
© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан туы
© Sputnik / Владислав Воднев
Жазылу
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан шет елде тұратын, бірақ тарихи отанында бизнес ашқысы келетін этникалық қазақтарға "қазақ картасы" беріледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Шетте жүрген, өз бизнесі бар, бірақ тарихи отанымен байланыста болғысы келетін қазақтарымыз бар. Сол себепті әлемде қолданылып жүрген "Қазақ картасы" деген жаңа картаны қолданбақпыз. Ондағы негізгі мәселе – егер өз елімде тұра беремін, бірақ Қазақстанға келіп, бизнес ашып, оның дамуына өз үлесімді қосамын деген этникалық қазақтар болса, олардың келіп-кетуіне толық мүмкіндік беріледі", - деді Дүйсенова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Министр мұндай этникалық қазақтар Қазақстанда 10 жылға дейін уақытша тұру мүмкіндігін беретін виза алатынын атап өтті.