https://sputnik.kz/20220926/astanalyq-darigerler-biregey-ota-zhasady-27858295.html
Астаналық дәрігерлер бірегей ота жасады
Астаналық дәрігерлер бірегей ота жасады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Астанада №3 көпбейінді қалалық аурухананың мамандары плацентаның (ұрықжолдас) толық ауытқуынан зардап шеккен науқасқа бірегей... 26.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-26T09:32+0500
2022-09-26T09:32+0500
2022-09-26T09:32+0500
операция
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1a/27858077_43:0:1236:671_1920x0_80_0_0_daaad0db638fa828b8bbac12e0afec02.jpg
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Астанада №3 көпбейінді қалалық аурухананың мамандары плацентаның (ұрықжолдас) толық ауытқуынан зардап шеккен науқасқа бірегей ота жасады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Мұндай жағдайда қан кетудің, ана мен бала өлімінің қаупі жоғары. Кейінгіуақытқа дейін дәл мұндай диагноздан кейін пациенттер босанғаннан соң жатырын алып тастайтын. Бірақ 2015 жылдан бастап 3 КҚА-ның акушерлік блогында, м.ғ.к., АМУ-нің Акушерия және гинекология кафедрасының меңгерушісі Зайтуна Хамидуллинаның жетекшілігімен ағзаны сақтап қалу операциясының техникасы енгізілді.Айта кету керек, мұндай операциялар бүгінде әлемнің бірнеше клиникасында ғана жасалады.Пациент жүктілік кезінде диагнозы туралы біліп, 3 КҚА-дағы орталыққа жүгінді. 34 апта ішінде қан кеткен науқасқа жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер, PhD докторы Айгүл Дүйсембаева ота жасады. Дәрігер күні бүгінге дейін дәл осындай 15 ота жасаған.Операциялық топ 3 акушер-гинеколог, екі уролог, екі хирург, екі анестезиолог, екі операциялық мейірбикеден құралған.Операция 2,5 сағатқа созылып, сәтті өтті.Бүгінгі таңда ана мен баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, екеуі де отадан кейінгі ерте қалпына келтіру кезеңінде.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1a/27858077_192:0:1087:671_1920x0_80_0_0_cb640dfb00d7bb3eccf91d82cd2716a7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
операция
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Астанада №3 көпбейінді қалалық аурухананың мамандары плацентаның (ұрықжолдас) толық ауытқуынан зардап шеккен науқасқа бірегей ота жасады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Мұндай жағдайда қан кетудің, ана мен бала өлімінің қаупі жоғары. Кейінгіуақытқа дейін дәл мұндай диагноздан кейін пациенттер босанғаннан соң жатырын алып тастайтын. Бірақ 2015 жылдан бастап 3 КҚА-ның акушерлік блогында, м.ғ.к., АМУ-нің Акушерия және гинекология кафедрасының меңгерушісі Зайтуна Хамидуллинаның жетекшілігімен ағзаны сақтап қалу операциясының техникасы енгізілді.
Айта кету керек, мұндай операциялар бүгінде әлемнің бірнеше клиникасында ғана жасалады.
Пациент жүктілік кезінде диагнозы туралы біліп, 3 КҚА-дағы орталыққа жүгінді. 34 апта ішінде қан кеткен науқасқа жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер, PhD докторы Айгүл Дүйсембаева ота жасады. Дәрігер күні бүгінге дейін дәл осындай 15 ота жасаған.
Операциялық топ 3 акушер-гинеколог, екі уролог, екі хирург, екі анестезиолог, екі операциялық мейірбикеден құралған.
Операция 2,5 сағатқа созылып, сәтті өтті.
Бүгінгі таңда ана мен баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, екеуі де отадан кейінгі ерте қалпына келтіру кезеңінде.