Өңірлер

Алматы облысының полициясы итті КамАЗ-ға байлап сүйреген жүргізушіні тапты

© AFP 2024 / MAURO PIMENTELАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Еркін ауылында итті жүк көлігіне байлап сүйреген жүргізушінің әрекеті камераға түсіп қалды.
Видео жергілікті пабликтерде жарияланған.
Алматы облысы прокуратурасының ресми аккаунтында шыққан жазбаның астындағы пікірде бұл фактіні тергеу Талғар ауданы прокуратурасына тапсырылғаны айтылған.
Ал Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов желідегі парақшасында құқықбұзушылық Талғар ауданы полиция басқармасында тіркелгенін мәлімдеді.
"Тексеріс аталған бөлімнің қызметкерлеріне тапсырылды. Құқықбұзушыны міндетті түрде анықтап, шара қабылдаймыз", - деп жазды ол.
Кейінірек Әбдірахманов жүргізушінің жеке басы анықталғанын хабарлады. Ол 42 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Жаңалықтар
0