https://sputnik.kz/20220925/petropavlda-qayyndardy-kesu-qylmystyq-is-27847568.html
Петропавлда қайыңдарды кесу бойынша қылмыстық іс қозғалды
Петропавлда қайыңдарды кесу бойынша қылмыстық іс қозғалды
Sputnik Қазақстан
Тәртіп сақшылары кәсіпкерден табиғат пен мемлекетке келтірілген залалды 12 миллион теңге көлемінде өтеуді талап етіп отыр 25.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-25T12:32+0500
2022-09-25T12:32+0500
2022-09-25T12:32+0500
өңірлер
петропавл
ағаш
https://sputnik.kz/img/1264/40/12644007_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_c82eaeee44770799200208423ed035b9.jpg
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Петропавлда қайың тоғайындағы ағаштарды кесу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2006 жылы бұл аумақ орман қоры жерінен шығарылған. "2007 жылы Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі мен Абдуллаев Бахтияр Ханыш Оғлы арасында жол бойындағы қонақүй, дөңгелек жөндеу орны және транзиттік көліктерге арналған тұрақ салу үшін жер телімін сатуға келісім-шарт жасалды. 2020 жылы Петропавл қаласы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің ұсынысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жер учаскесін беруді жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді", - деп түсіндірді өңір басшысының баспасөз қызметі. Сот әлі жалғасып жатыр. Осылайша, 2021 жылғы апелляциялық соттың шешімімен Абдуллаевтың талаптары ішінара қанағаттандырылды. Бұрын жер қатынастары бөлімі қабылдаған, оның жер учаскесіне құқығын шектейтін құжаттардың күші толығымен жойылды. Бірақ Абдуллаевтың жер теліміне құқығын қамтамасыз ететін құжаттар заңды күшін сақтап қалды. "Бір ескеретін мәселе, бұл учаскеде жобалау мен құрылыс жүргізуге рұқсат жоқ. Петропавл полициясы ағаштарды кесу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, тергеу жүріп жатыр", - деп атап өтті баспасөз қызметі.
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1264/40/12644007_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_91b4b5e797bc2e31378b451623bcc3ad.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл, ағаш
Петропавлда қайыңдарды кесу бойынша қылмыстық іс қозғалды
Тәртіп сақшылары кәсіпкерден табиғат пен мемлекетке келтірілген залалды 12 миллион теңге көлемінде өтеуді талап етіп отыр
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Петропавлда қайың тоғайындағы ағаштарды кесу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2006 жылы бұл аумақ орман қоры жерінен шығарылған.
"2007 жылы Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі мен Абдуллаев Бахтияр Ханыш Оғлы арасында жол бойындағы қонақүй, дөңгелек жөндеу орны және транзиттік көліктерге арналған тұрақ салу үшін жер телімін сатуға келісім-шарт жасалды. 2020 жылы Петропавл қаласы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің ұсынысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жер учаскесін беруді жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді", - деп түсіндірді өңір басшысының баспасөз қызметі.
Сот әлі жалғасып жатыр. Осылайша, 2021 жылғы апелляциялық соттың шешімімен Абдуллаевтың талаптары ішінара қанағаттандырылды. Бұрын жер қатынастары бөлімі қабылдаған, оның жер учаскесіне құқығын шектейтін құжаттардың күші толығымен жойылды. Бірақ Абдуллаевтың жер теліміне құқығын қамтамасыз ететін құжаттар заңды күшін сақтап қалды.
"Бір ескеретін мәселе, бұл учаскеде жобалау мен құрылыс жүргізуге рұқсат жоқ. Петропавл полициясы ағаштарды кесу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, тергеу жүріп жатыр", - деп атап өтті баспасөз қызметі.