https://sputnik.kz/20220925/almaty-marafonyna-qatysqan-er-adam-qaytys-boldy-27851177.html
"Алматы марафонына" қатысқан ер адам қайтыс болды
"Алматы марафонына" қатысқан ер адам қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Алматы марафонының қатысушысы мәре сызығын аттағаннан кейін қайтыс болды. Бұл туралы "Алматы марафонының" ресми сайтында... 25.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-25T16:15+0500
2022-09-25T16:15+0500
2022-09-25T16:15+0500
марафон
https://sputnik.kz/img/537/99/5379933_0:159:2993:1842_1920x0_80_0_0_7321289428b6589d0bc9deba829f2416.jpg
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Алматы марафонының қатысушысы мәре сызығын аттағаннан кейін қайтыс болды. Бұл туралы "Алматы марафонының" ресми сайтында жазылған.Алматыда өткен дәстүрлі марафонға қатысушы 47 жастағы Рүстем Садықов мәре сызығын кесіп өткен соң көз жұмды."Оқиға сағат 09.35-те болды. Рүстем 10 километр қашықтыққа жүгірді. Тіркелу кезінде ол 8743 нөмірін алды", - дейді "Алматы марафонының" директоры Салтанат Қазыбаева.Мәре сызығында кезекшілікте болған жарыстың бас дәрігері Оразбек Саховтың айтуынша, қатысушы Республика алаңында мәре сызығын әрең кесіп үлгеріп, бірнеше метр жүріп құлаған.Алдымен жүрек қағысы қайта іске қосылды, синусты ырғақ пайда болды, бірақ екі минуттан кейін ол қайтадан тоқтады. Дәрігерлер отыз минут бойы марафоншыны өмірге қайтаруға тырысты, бірақ нәтиже болмады."Сағат 10:15-те оның қайтыс болғанын тіркедік. Қайтыс болуының нақты себебін тек сот-медициналық сараптамадан кейін ғана атауға болады", - дейді Оразбек Сахов.Марқұмның туыстарының айтуынша, ол мұндай жарыстарға бірінші рет қатысып отырған жоқ. Рүстем Садықов сәуір айында Алматы жартылай марафонында, 2021 жылы "Алматы марафонында", 10 километр қашықтыққа жүгіруге қатысқан.Жарысты ұйымдастырушылар марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтты. Марафонды ұйымдастырушылар мәйітті Астана қаласына жеткізуге қаржылай көмек көрсетеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/537/99/5379933_162:0:2829:2000_1920x0_80_0_0_aa815850ac86fa08fe958b440bbe3787.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
марафон
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Алматы марафонының қатысушысы мәре сызығын аттағаннан кейін қайтыс болды. Бұл туралы "Алматы марафонының" ресми сайтында жазылған.
Алматыда өткен дәстүрлі марафонға қатысушы 47 жастағы Рүстем Садықов мәре сызығын кесіп өткен соң көз жұмды.
"Оқиға сағат 09.35-те болды. Рүстем 10 километр қашықтыққа жүгірді. Тіркелу кезінде ол 8743 нөмірін алды", - дейді "Алматы марафонының" директоры Салтанат Қазыбаева.
Мәре сызығында кезекшілікте болған жарыстың бас дәрігері Оразбек Саховтың айтуынша, қатысушы Республика алаңында мәре сызығын әрең кесіп үлгеріп, бірнеше метр жүріп құлаған.
"Біз оған бірден көмек көрсетуге кірістік. "Қазақстан Қызыл жарты ай" қоғамының волонтерлері алғашқы медициналық көмек көрсете бастады. Кейін қалалық жедел жәрдем станциясының қызметкерлерімен бірлесіп жүрек-өкпе реанимациясы жүргізілді", - дейді дәрігер.
Алдымен жүрек қағысы қайта іске қосылды, синусты ырғақ пайда болды, бірақ екі минуттан кейін ол қайтадан тоқтады. Дәрігерлер отыз минут бойы марафоншыны өмірге қайтаруға тырысты, бірақ нәтиже болмады.
"Сағат 10:15-те оның қайтыс болғанын тіркедік. Қайтыс болуының нақты себебін тек сот-медициналық сараптамадан кейін ғана атауға болады", - дейді Оразбек Сахов.
Марқұмның туыстарының айтуынша, ол мұндай жарыстарға бірінші рет қатысып отырған жоқ. Рүстем Садықов сәуір айында Алматы жартылай марафонында, 2021 жылы "Алматы марафонында", 10 километр қашықтыққа жүгіруге қатысқан.
Жарысты ұйымдастырушылар марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтты. Марафонды ұйымдастырушылар мәйітті Астана қаласына жеткізуге қаржылай көмек көрсетеді.