https://sputnik.kz/20220924/reseylikterdin-qazaqstanga-kelui-aqtobe-shekarasynda-taksi-qyzmeti-qymbattady--27835986.html
Ресейліктердің Қазақстанға келуі: Ақтөбе шекарасында такси қызметі қымбаттады
Ресейліктердің Қазақстанға келуі: Ақтөбе шекарасында такси қызметі қымбаттады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе облысында таксистер ресейліктердің Қазақстанға лап қоюын өз бизнестері үшін тиімді пайдаланып отыр. Бұл туралы КТК... 24.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-24T13:57+0500
2022-09-24T13:57+0500
2022-09-24T13:57+0500
такси
ақтөбе облысы
ресей азаматтары
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1c/17465998_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_7c0aec1c7c677130b98e6f2a2f7514e0.jpg
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе облысында таксистер ресейліктердің Қазақстанға лап қоюын өз бизнестері үшін тиімді пайдаланып отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. Егер бұған дейін шекарадан қалаға дейін жету үшін азаматтар такси қызметіне 5 мың теңге төлесе, қазір бұл ақы 8 мыңға жуықтаған. Бағаның қымбаттауына қарамастан, такси клиенттері азайып жатқан жоқ. Керісінше, шекарадағы Орынбордан Ақтөбе облысына ресейліктер жаппай келіп жатыр. Өткен тәуліктің өзінде-ақ 5 мыңға жуық адам шекарадан өткен. Шекарашылар соңғы екі күнде Ресейден келушілер легі толастамағанын айтады. Негізінен Орынбор, Уфа, Қазан қалаларының тұрғындары Қазақстан аумағына өтіп жатыр. "Шекарада делдалдар іске белсене кріскен. Олар Ресей аумағына жаяу өтіп, Қазақстан аумағынан өткісі келетін ресейліктерді тауып, оларға Ақтөбеде көлік пен баспана табуға көмектеседі. Ақысын төлесе, тіпті қаланы аралап жүруге де дайын. Такси жүргізушілерінің де жұмысы қызу жүріп жатыр. Кеден бекетінде таксидің көп екеніне қарамастан, олар жолаушыдан тапшылық көріп жатқан жоқ. Қызмет бағасы да өскен. Бұрын адам басына 5 мың теңге сұраса, қазір бір жолаушыға 1000 рубль алады", - деп жазылған телеарна таратқан ақпаратта. Қазақстанға келіп жатқан ресейліктер арасында әйелдер мен балалар жоқтың қасы. Негізінен жас жігіттер. Олардың көбі бетін бүркеп, сөйлеуден бас тартады. Қазақстанға келу себептері де әртүрлі. Бірі Ақтөбеде қалуды көздесе, бірі ары қарай сапарын жалғастыруды жоспарлаған. Көші-қон қызметіндегілер де ел аумағына келіп жатқан ресейліктер саны күрт өскенін айтты.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1c/17465998_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_89af0d8853cc0cc616fb4d78053ab2ae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
такси, ақтөбе облысы, ресей азаматтары
такси, ақтөбе облысы, ресей азаматтары
Ресейліктердің Қазақстанға келуі: Ақтөбе шекарасында такси қызметі қымбаттады
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе облысында таксистер ресейліктердің Қазақстанға лап қоюын өз бизнестері үшін тиімді пайдаланып отыр. Бұл туралы
КТК телеарнасы хабарлады.
Егер бұған дейін шекарадан қалаға дейін жету үшін азаматтар такси қызметіне 5 мың теңге төлесе, қазір бұл ақы 8 мыңға жуықтаған. Бағаның қымбаттауына қарамастан, такси клиенттері азайып жатқан жоқ. Керісінше, шекарадағы Орынбордан Ақтөбе облысына ресейліктер жаппай келіп жатыр. Өткен тәуліктің өзінде-ақ 5 мыңға жуық адам шекарадан өткен.
Шекарашылар соңғы екі күнде Ресейден келушілер легі толастамағанын айтады. Негізінен Орынбор, Уфа, Қазан қалаларының тұрғындары Қазақстан аумағына өтіп жатыр.
"Шекарада делдалдар іске белсене кріскен. Олар Ресей аумағына жаяу өтіп, Қазақстан аумағынан өткісі келетін ресейліктерді тауып, оларға Ақтөбеде көлік пен баспана табуға көмектеседі. Ақысын төлесе, тіпті қаланы аралап жүруге де дайын. Такси жүргізушілерінің де жұмысы қызу жүріп жатыр. Кеден бекетінде таксидің көп екеніне қарамастан, олар жолаушыдан тапшылық көріп жатқан жоқ. Қызмет бағасы да өскен. Бұрын адам басына 5 мың теңге сұраса, қазір бір жолаушыға 1000 рубль алады", - деп жазылған телеарна таратқан ақпаратта.
Қазақстанға келіп жатқан ресейліктер арасында әйелдер мен балалар жоқтың қасы. Негізінен жас жігіттер. Олардың көбі бетін бүркеп, сөйлеуден бас тартады. Қазақстанға келу себептері де әртүрлі. Бірі Ақтөбеде қалуды көздесе, бірі ары қарай сапарын жалғастыруды жоспарлаған.
Көші-қон қызметіндегілер де ел аумағына келіп жатқан ресейліктер саны күрт өскенін айтты.