https://sputnik.kz/20220924/golovkinmen-zhekpe-zhekke-shyguga-mindetti-qarsylasy-bekitildi-27831924.html
Головкинмен жекпе-жекке шығуға міндетті қарсыласы бекітілді
Головкинмен жекпе-жекке шығуға міндетті қарсыласы бекітілді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) өзінің орта салмақтағы "супер чемпионы" Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) міндетті... 24.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-24T10:16+0500
2022-09-24T10:16+0500
2023-08-09T12:23+0500
жекпе-жек
геннадий головкин
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/02/18553720_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_392d33e292e2011273390d4450d4bcfd.jpg
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) өзінің орта салмақтағы "супер чемпионы" Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) міндетті үміткермен, осы санаттағы "қарапайым" белдіктің иесі кубалық Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) жекпе-жек тағайындау туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Sports.kz.Қос тараптың келіссөзіне 2022 жылдың 23 қыркүйегінен 23 қазанына дейін уақыт берілді. Головкин - Лара жекпе-жегі орта дивизиондағы жалғыз WBA әлем чемпионын анықтайтын болады.Бұған дейін WBA Головкинге екінші орта салмаққа өтіп, Сауль "Канело" Альвареспен осы санаттағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін таласуға арнайы рұқсат берген еді. Алайда ол орта салмаққа қайта оралып, Ларамен кездесуге тиіс деген ұйғарым шығарылды.GGG — "Канело" III жекпе-жегі 18 қыркүйекте өткенін еске саламыз. Төрешілердің шешімімен жекпе-жек мексикалықтың жеңісімен аяқталды.Командалар келісімге келе алмаса немесе тараптардың бірі бас тартса, жекпе-жек Головкиннің пайдасына 75 процент және Лараның пайдасына 25 проценттік үлеспен аукционға қойылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/02/18553720_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_25ae17629f6c75dff824aaf6978fdd33.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жекпе-жек, геннадий головкин
жекпе-жек, геннадий головкин
Головкинмен жекпе-жекке шығуға міндетті қарсыласы бекітілді
10:16 24.09.2022 (жаңартылды: 12:23 09.08.2023) АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) өзінің орта салмақтағы "супер чемпионы" Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) міндетті үміткермен, осы санаттағы "қарапайым" белдіктің иесі кубалық Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) жекпе-жек тағайындау туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды
Sports.kz.
Қос тараптың келіссөзіне 2022 жылдың 23 қыркүйегінен 23 қазанына дейін уақыт берілді. Головкин - Лара жекпе-жегі орта дивизиондағы жалғыз WBA әлем чемпионын анықтайтын болады.
Бұған дейін WBA Головкинге екінші орта салмаққа өтіп, Сауль "Канело" Альвареспен осы санаттағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін таласуға арнайы рұқсат берген еді. Алайда ол орта салмаққа қайта оралып, Ларамен кездесуге тиіс деген ұйғарым шығарылды.
GGG — "Канело" III жекпе-жегі 18 қыркүйекте өткенін еске саламыз. Төрешілердің шешімімен жекпе-жек мексикалықтың жеңісімен аяқталды.
Командалар келісімге келе алмаса немесе тараптардың бірі бас тартса, жекпе-жек Головкиннің пайдасына 75 процент және Лараның пайдасына 25 проценттік үлеспен аукционға қойылады.