https://sputnik.kz/20220924/aqsu-turgyny-alayaq-kredit-27838877.html
Ақсу тұрғыны "сәлемдеме" үшін 2 млн теңге төледі
Ақсу тұрғыны "сәлемдеме" үшін 2 млн теңге төледі
Sputnik Қазақстан
Кінәлі адамға 12 252 000 теңге көлемінде айыппұл салынады немесе төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін 24.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-24T17:53+0500
2022-09-24T17:53+0500
2022-09-24T17:53+0500
өңірлер
тұрғын
алаяқ
кредит
https://sputnik.kz/img/07e5/02/0a/16253640_0:146:2015:1279_1920x0_80_0_0_972818ef6610cb48eb341fdf626227cd.jpg
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Алаяқ Ақсу қаласының тұрғынынан жоқ сәлемдеме үшін мемлекеттік баж салығын және кедендік анықтаманы төлеуді сұраған, деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі. 33 жастағы Ақсу қаласының тұрғыны желіде жігітпен танысқанна кейін ер адам өзінің "Ресей - Украина соғысында жүргенін, жақында Қазақстанға келетінін" жазған. Бірнеше күндік хат алмасудан кейін қыздың жігітке деген сенімі артқан. Өйткені ол өз хаттарында адалдық, әділдік және басқа да маңызды қасиеттер туралы айтқан. Ал ақсулық тұрғын әскери іс-қимыл кезінде ер адамның хабарлама алмасуға уақыт табатынынан еш күдіктенбеген. Ер адам әйелден жеке заттары, құжаттары және 50 мың доллар көлеміндегі қолма-қол ақшасы бар сәлемдемені күтіп алуды сұраған. Бірақ сәлемдемені шекарадан өткізу үшін бойжеткенге мемлекеттік баж салығы мен кедендік сертификат ақысын төлеу керектігін айтқан.Ол жақын жердегі банктен 2 миллион теңге кредит алып, хабарламада көрсетілген банк шотына қаражат жіберген. Еш шығынсыз ақшаға қол жеткізген алаяқ қосымшадан шығып кеткен. "Қазір алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер осы қылмысқа қатысы бар адамды анықтауға бағытталған бірқатар шараны қолға алды", - деді полицейлер.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/0a/16253640_0:0:1705:1279_1920x0_80_0_0_8130a9c34aac1e65d666abfae5d8b668.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұрғын, алаяқ, кредит
Ақсу тұрғыны "сәлемдеме" үшін 2 млн теңге төледі
Кінәлі адамға 12 252 000 теңге көлемінде айыппұл салынады немесе төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Алаяқ Ақсу қаласының тұрғынынан жоқ сәлемдеме үшін мемлекеттік баж салығын және кедендік анықтаманы төлеуді сұраған, деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
33 жастағы Ақсу қаласының тұрғыны желіде жігітпен танысқанна кейін ер адам өзінің "Ресей - Украина соғысында жүргенін, жақында Қазақстанға келетінін" жазған. Бірнеше күндік хат алмасудан кейін қыздың жігітке деген сенімі артқан. Өйткені ол өз хаттарында адалдық, әділдік және басқа да маңызды қасиеттер туралы айтқан. Ал ақсулық тұрғын әскери іс-қимыл кезінде ер адамның хабарлама алмасуға уақыт табатынынан еш күдіктенбеген.
Ер адам әйелден жеке заттары, құжаттары және 50 мың доллар көлеміндегі қолма-қол ақшасы бар сәлемдемені күтіп алуды сұраған. Бірақ сәлемдемені шекарадан өткізу үшін бойжеткенге мемлекеттік баж салығы мен кедендік сертификат ақысын төлеу керектігін айтқан.
Ол жақын жердегі банктен 2 миллион теңге кредит алып, хабарламада көрсетілген банк шотына қаражат жіберген. Еш шығынсыз ақшаға қол жеткізген алаяқ қосымшадан шығып кеткен.
"Қазір алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер осы қылмысқа қатысы бар адамды анықтауға бағытталған бірқатар шараны қолға алды", - деді полицейлер.