Алматыда халық әртісі Ескендір Хасанғалиевке ескерткіш тақта орнатылды

© Photo : отбасының жеке архивіненЕскендір Хасанғалиев
Ескендір Хасанғалиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Алматыда Қазақстанның халық әртісі, әнші-сазгер Ескендір Хасанғалиевтің құрметіне арналған мемориалдық-ескірткіш тақта ашылды, деп хабарлайды "Хабар 24".
Белгілі әнші ұзақ жыл бойы Байсейітов көшесіндегі №42 үйде тұрды. Берекелі шаңырақта ұрпағын өсіріп, өнерін өрістетті. "Ескірмеген махаббат", "Айналайын", "Асыл жар" сында лирикалық әндерін осы жерде жазды.
Сазгерді еске алуға арналған іс-шараға замандастары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, өнер адамдары мен ет-жақындары жиналды. Қазақ өнерінің дамуы жолында, ерен еңбек сіңірген Ескендір Хасанғалиев 200-ден астам әннің авторы.
Оның "Атамекен", "Әдемі ау" атты туындылары халық арасында кең тараған. Сазгер былтыр 81 жасында өмірден өтті. Артында мәңгі өшпес, мол мұра қалдырды
Жаңалықтар
0