Өңірлер

Түркістан облысында дәмхана тамағын жеген тұрғындар жаппай уланды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуТамақ
Тамақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 23 қыркүйек - Sputnik. Түркістан облысында адамдар жаппай уланғаны үшін дәмхана иесі 230 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.
Дәмханада фастфуд пен рулет жеген үш адам уланды. Кейін белгілі болғандай, осы мекемеден тамаққа тапсырыс берген тағы бес тұрғынға "жедел ішек инфекциясы" диагнозы қойылған.
"Нысанды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі тексерген кезде бірқатар кемшілік анықталған. Өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттар болмаған, ірімшік пен шұжық өнімдерінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. Сондай-ақ, қызметкерлер мерзімді және профилактикалық медициналық тексеруден өтпеген, жұмысқа рұқсат қағазы болмаған", - делінген хабарламада.
Дәмхана иесіне 230 АЕК (704 490 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс істегені үшін хаттама толтырылып, құжаттар сотқа жолданған.
Казы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2021
Әлем
Тойда 120 адам жылқы етінен уланды
Жаңалықтар
0