Шымкентте колледж жатақханасында студенттің мәйіті табылды – оқиғаның мән-жайы

© Sputnik / Егор Алеев / Медиабанкке өтуАрхивное фото
Архивное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Колледж өкілдері 15 жастағы бала өзімен-өзі есінен таныпқұлағанын айтып отыр. Ал полиция абайсызда адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды КТК.
Білім басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, Манап Өтебаев атындағы жоғары технологиялар колледжінің бірінші курс студенті Нұрхат Дүйсен көпбалалы отбасынан шыққан. Жасы 15-те болды. Түлкібастағы мектептің 9-сыныбын бітіріп, биыл ғана колледждің "Сандық технология" мамандығына түскен.
Жатақханада болған жасөспірім сағат түнгі 1:00-дің шамасында қайтыс болған. Колледж өкілдері Нұрхаттің өз бөлмесінде есінен танып құлағанын айтып отыр. Алайда полиция кісі қолынан қаза тапқан деген күдік келтіріп отыр.
Куәгерлердің айтуынша, студенттердің біреуі марқұмды иығынан, екіншісі кеудесінен ұрған соң өзін нашар сезінген. Қазіргі кезде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Ал қылмыс болған жатақхананың есігі жабық. Оған ешкімді кіргізбей жатыр.
Жаңалықтар
0