"Өзін-өзі тану" пәні міндетті мектеп бағдарламасынан алынып тасталады

© Sputnik / Абзал КалиевУчебники, иллюстративное фото
Учебники, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі "Өзін-өзі тану" пәнін міндетті мектеп бағдарламасынан алып тастау туралы бұйрықтың жобасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Ашық НҚА" сайтында министрдің "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту туралы" 2018 жылғы 29 қыркүйектегі 522 бұйрығының күші жоюды көздейтін құжаттың жобасы талқылауға шығарылды.
Қоғамдық талқылаудың мерзімі 5 қазанға дейін белгіленген. Талқылаудан кейін бұйрыққа қол қойылады. Осы құжат алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Айта кетері, 2001 жылы "Өзін-өзі тану" пәні эксперимент ретінде қолға алынған болатын. Ал 2009 жылы мектеп бағдарламасына енгізілді. Жобаның авторы – тұңғыш президенттің жұбайы Сара Назарбаева.
Жаңалықтар
0